Алматыда жүргізуші ескерту жасағаны үшін тұрғын үй күзетшісін аяусыз ұрып тастады (ВИДЕО)
Күзетші кісі жүргізушіге ескерту жасаймын деп ауруханадан бір-ақ шықты.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда тұрғын үй кешенінің күзетшісінің ескертуіне ашуланған көлік жүргізушісі оны ұрып тастаған.
Болған жағдай туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Куәгерлердің айтуынша күзетшіні жедел жәрдем жақын маңдағы ауруханаға алып кеткен. Жазбада оқиғаның 5 сәуірде күндіз, көпқабатты үй тұрғындарының көзінше болған.
Алматы полиция департаментінің дерегіне сәйкес Бостандық аудандық полиция басқармасында қылмыстық іс қозғалған.
"Күдікті полицияға жеткізілді. Мән-жайды анықтау үшін кешенді тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші