772

Қосшыда екі жасар қыз көлік астында қалып көз жұмды

Тұрғын өзінің 2 жасар қызын басып, өлтіріп алды…

Қосшыда екі жасар қыз көлік астында қалып көз жұмды
бейнежазбадан алынған кадр

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 5 сәуірде, Қосшы қаласында қайғылы оқиға болды.

Kia Sportage автокөлігінің жүргізушісі 2023 жылы туған екі жасар қызды қағып кетті. Алған жарақаттарынан қыз бала оқиға орнында көз жұмды. Бұл ақпаратты Ақмола облысының Полиция департаменті растады.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Естеріңізде болса, бұған дейін Алматыда көлік астында қалып екі бүлдіршін көз жұмды.

Материал авторы