Жасанды интеллект шындықты ойдан шығаруы мүмкін - футуролог Гред Леонгард

05.10.2023, 16:38
855
Жасанды интеллект шындықты ойдан шығаруы мүмкін - футуролог Гред Леонгард Nobel Fest 2023

Үздік үштікке кіретін Nobel Fest хэдлайнері, (Wired) инновациялық тұрғыдан белсенді визионер, «Адамға қарсы технология» бестеллерінің авторы Гред Лернгард Nobel Fest-ке қазақша шапанмен келіп, сөз сөйледі.

«Осы киімнің арқасында, өзімді Астанада патша сияқты сезіндім. Тамаша шапан», - деді ол.

Спикер өз сөзінде жаңа технологияның қандай пайдасы бар екенін айтты.

«Соңғы 10 жылдық, оның алдындағы 100 жылға қарағанда көп өзгеріс әкелді. Алайда болашақ туралы айтатын болсақ, біздегі ғылым мен технология барлық проблеманы шешетін болады. Бірақ практикалық тұрғыдан бізге су, ауа, энергия қажет. Нақты проблемалар жаңа технологиялардан асып түседі. Біз тым көп байланыс жасадық. Біз өмірде ешқашан көрмеген адамдармен байланыса аламыз. Алайда, басқа да нақты шешімін таппаған мәселелер бар», - деп атап өтті ол.

Гред Леонгард адамдардың табыс табу үшін технологияны пайдаланып, экологияға деген қызығушылығын жоғалтып жатқанына алаңдауда.    

«Соңғы 25 жылда көміртегі газы шығарындыларының 50% өндірілді. Бұл менің балаларыма залалын тигізеді, біз осылай жасап бердік оларға. Қазір 25 пен 40 жас аралығындағы ойлы азаматтар бізге көбірек ақша қажет емес екенін, қауіпсіз планета қажет екенін айтады», - деп атап өтті ол.

Футурологтың сөзіне қарағанда, адамдар жасанды интеллектті зерттеуде жеткілікті дәрежеде алға шықты, енді планетаның жағдайына да назар аударатын кез келді.

Осындай жағдайда жасанды интеллект шындықты ойдан шығаруы мүмкін. (…) Жасанды интеллект барлығын біледі. Facebook желісінде кіммен сөйлескеніңізді, не іздеп, не көргеніңізді жадында сақтайды. Бұл - біздің үлкен қорқынышымыздың да көрсеткіші. Кез келген жақсы нәрсені көп пайдаланса, уға айналады, - дейді спикер.

Nobel Fest – бұл әлемнің үздік ғалымдарын - Нобель сыйлығының лауреаттары, «ғылыми Оскар» иегерлері, үздік стартаперлер, әзірлеушілер және басқа да прогресс жасаушыларды жинаған ауқымды фестиваль.

Фестиваль бағдарламасы жасанды интеллекттен бастап, климаттың өзгеруіне, экономиканың болашағына, стартаптар мен еңбек нарығына, ғылымның жаңа қырлары мен адамзаттың болашағына дейінгі тақырыптардың кең ауқымын қамтиды.

MNU Marathon: Астанада қайырымдылық жүгіру жарысы өтті Талдықорғанда қонақүй әкімшісін 12 жерінен пышақтап, өлтіріп кетті Дағыстанда белгілі әншіні жігіті табамен ұрып өлтірген Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға шақырған белсенді қамауға алынды «Енді бесікке салыңдар»: Дубайда тұсауын кестірген әйел күлкіге қалды (ВИДЕО) Алматы облысында 11 сынып оқушысын өлтіріп кетті Былтыр жазда жоғалып кеткен қария өлі күйінде табылды Алматының жаңа әкімі боп Дархан Сатыбалды тағайындалды «19 пойыз шығады»: Қытай Астанаға LRT пойыздарын тасымалдауды бастады Трамп Еуропаға қарсы салық енгізетін болды Димаш Virtuosos шоуының қазылар алқасы боп тағайындалды Тоқаев Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қызметінен босатты «4 ұлы мен 1 қызы бар»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жолдасы туралы сырды ашты «Қандай қоғам мынау?»: белгілі әнші Ақнәрдің өліміне қатысты талап қойды «Несие төлеуге ақшам жоқ»: Сәтбаевта қызға шабуылдаған ер адам ұсталды Шерзаттың соты кезінде жер сілкінісі болды «Көкірегіне 1,5 литр қан жиналған»: Шерзаттың сотына тәуелсіз сарапшы Тахир Халимназаров қатысты «Аман алып қалуға болар еді»: Сотта сарапшы марқұм Шерзаттың алған жарақаттары туралы айтты «Менің інім өліп қалғанына күліп отырсың ба?»: Күдікті Шерзаттың қазасына күлген Трамп өз туған күнінде әскери парад өткіземін деп елді күлкіге қарық қылды