Шымкентте елімізде теңдесі жоқ мешіт ашылады

08.04.2024, 15:28
861
Шымкентте елімізде теңдесі жоқ мешіт ашылады otyrar.kz

12 сәуірде, Ораза айттың үшінші күні Шымкент қаласында елімізде теңдесі жоқ мешіт ашылады. Мешіт Сейітжан қари Есжанұлының атымен аталады.

Оның ашылу салтанаты сағат 11:00-де басталса, сағат14:00-де алғашқы жұма намаз болады.

Otyrar.kz-тің хабарлауынша, дұға тілейтін мінәжат үйіне бір мың орынға арналған конгресс-холл, неке қию сарайы, ислам тарихының мұражайы, әйелдер оқу орны, медресе, кітап оқитын залы бар кітапхана, әкімшілік бөлмелер, телеорталық, фитнес орталық пен бір  мың орынға шақталған асхана салынған.

Мешіт ғимаратына бірден 12 мыңға жуық адам кіре алады. Оның аумағы – 12  гектар. Құлшылық үйінде желдету үшін жазда  залалсыздандыру және  салқындату, қыста жылыту үшін арнайы жабдық арқылы өтетін табиғи ағында ауа қолданылады. Бұл технология Мәскеудегі метроның құрылысында қолданылған.

Ақ мешіттің құрылысында Қожа Ахмет Ясауи  кесенесін салу кезінде қолданылған ерте кездегі сәулет технологиялары да  ескерілген.

Мешіттің аумағында автотұрақ та бар. Онда үш деңгейлі жерасты паркингі, лифт, эскалаторлар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған паркинг те  қарастырылған.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды