СҚО аумағында су деңгейі көтеріліп жатыр

21.04.2024, 20:08
509
СҚО аумағында су деңгейі көтеріліп жатыр kaz.inform.kz

15 сәуірден СҚО аумағында су деңгейі қайтадан көтеріліп жатыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, СҚО аумағында су деңгейі қайтадан көтеріліп жатқаны туралы Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғау бөлімінің басшысы Серік Ғайсин айтты.

«Облыста су тасқынының бірінші толқынының негізгі кезеңі өтті. Бөгеттен асып кетудің максималды деңгейі 425 см болды. Соның салдарынан 3 419 үйді су басты. Әлі де 3 223 үйді су басып тұр, 196 үйдегі қауіп сейілді. 14 388 адам эвакуацияланды, 764 адам үйлеріне оралды. Қазір су басқан аумақтың тұрғындары уақытша тұрғылықты жерге көшіріліп жатыр», - деді С. Ғайсин Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде.

Оның айтуынша, Ақмола облысынан келген суға байланысты 15 сәуірден СҚО аумағында су деңгейі қайтадан көтеріліп жатыр. 21-22 сәуірде өңірдегі су деңгейі жоғары шегіне жетуі мүмкін.

«Келтірілген материалдық шығынды өтеуге қатысты тұрғындардан өтініш қабылданып жатыр. Қазір 1 717 отбасы 100 АЕК көлемінде жалпы сомасы 634 млн теңгені құрайтын біржолғы жәрдемақы алды. Облысқа 576 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді», - деді азаматтық қорғау бөлімінің басшысы.

Рим папасы Путин мен Зеленскийге келіссөзді Ватиканда өткізуді ұсынды Атыраулық еркек бес жыл бойы өгей қызын зорлап келген «Соғыс тоқтамайды»: Украина мен Ресей арасындағы келіссөз екі сағатқа да созылмады Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады Ақтөбеде бизнесмендерді бопсалаған «Антикор қызметкері» ұсталды Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды «Қыздың бәрін ғашық қылған»: Тамара Асар тәлімгер Мұхамеджан Тазабектің серілігін айтты (ВИДЕО) «Мәдинаға келіп-кетіп жүретін»: марқұм әншіге Болат Назарбаев зәулім үй сыйлағаны белгілі болды Free Fire алаяқтығы: Шымкенттік оқушы «үздік» ойын аккаунты үшін 2 миллион теңгеден айырылған Назарбаев мектебіне түскен оқушы қуаныштан жылап қалды (ВИДЕО) «Шоколад орнына телефон»: Павлодардағы түрмеге телефон жасырып кіргізбек болған Астанада жеңіл көлік жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кетті Жапонияда қылмыстық топ құрған өзбек жігіттер ұсталды (ВИДЕО) Ұлыбритания Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды «Шерзатты шатастырып ұрып кетіппін»: Сотта күдікті Белқожаев жауап беріп жатыр «Көзінің ішінде оқ бар»: Ақтауда 11-сынып оқушысын жасөспірімдер атып кетті «Келесі күні мектепке бардым»: Айыпталушы жасөспірім Шерзаттың отбасынан кешірім сұрады Танымал балуанның үйінде құлдықта болдым деген Мұқанның ісі тоқтатылды «Ақшаны алмадым»: Жамбылдық әйел асырап алған баласын оқтаумен ұрған Трамптың он бірінші немересі дүниеге келді