Отандық фермерлер пестицидтерді пайдалануды 70%-ға дейін азайта алады

23.04.2024, 10:23
5452
Отандық фермерлер пестицидтерді пайдалануды 70%-ға дейін азайта алады Better Cotton/Vibhor Yadav

Алматыда ауыл шаруашылығы алқаптарын қауіпсіз тазалауға арналған жиын өтті.

Алматыда бірқатар семинарлар, сондай-ақ ауыл шаруашылығы алқаптарын қауіпсіз тазалау, пестицидтерді пайдалануды азайту және ескірген қалдықтарды басқарудың озық технологияларын ілгерілетуге арналған халықаралық конференция аяқталды.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) бастамасымен Алматыда 15-19 сәуір аралығында өткен іс-шараларға Орталық Азия, Түркия сарапшылары, ғылыми институттар мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Сарапшылар 2018 жылы басталған және 900 метрикалық тоннаға дейін қалдықтар мен пестицидтерді тұрақты басқаруға бағытталған Орталық Азия мен Түркиядағы FAO/GEF пестицидтердің өмірлік циклін басқару жобасының нәтижелерін ұсынды. 2022-2023 жылдары бүкіл Қазақстан бойынша тарихта алғаш рет ауқымды түгендеу жұмыстары жүргізілді.

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаев ауыл шаруашылығы секторын белсенді дамытып жатқан Қазақстан үшін топырақтың ластануымен күресте ФАО-мен серіктестік қарым-қатынас өзекті екенін атап өтті.

«Бұл шара Қазақстан үшін өте маңызды, өйткені ол өз жерлерін химиялық заттардан тазартуда айтарлықтай жетістіктерге жеткен басқа елдердің қатысушыларымен тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Біздің елімізде мұндай жер учаскелері өте көп және ФАО жобасы оларды анықтауға, деректер базасына енгізуге және халықаралық институттардың, атап айтқанда ФАО-ның соңғы тәсілдері мен қаржылық көмегін пайдалана отырып бірте-бірте жоюға мүмкіндік береді», - деді Мансур Ошурбаев.

Сондай-ақ, ФАО сарапшылары Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп анықталған қалдықтар мен ластанған аумақтарды басқару стратегиясын әзірлейді және био- фиторемедиацияның заманауи әдістерін қолдана отырып, пестицидтермен ластанған аумақтарды рекультивациялау бойынша жұмыс жүргізеді

«Барлық елдердің ішінде Қазақстан бұл жобаға шамамен үш жыл бұрын ең соңғы болып қосылды. Өкінішке орай, оның аяқталуына аз ғана уақыт қалды. Бірақ бізге берілген ресурстар мен жасалған әдістемелер бұл маңызды жұмысты жалғастыруға мүмкіндік береді деп үміттенеміз», - деді М. Ошурбаев.

ФАО-ның Қазақстан Республикасындағы Байланыс және серіктестік кеңсесінің басшысы Қайрат Нәжмиденов өз сөзінде «ФАО үкіметтермен, қоғамдастықтармен және басқа да мүдделі тараптармен тығыз ынтымақтастыққа ұмтылады, өйткені бұл азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азық-түлік өнімдерінің тұрақты дамуы, сондай-ақ ауыл шаруашылығы және азық-түлік жүйелері, табиғи ресурстарды тиімді басқару үшін өте маңызды» екенін атап өтті.

Тараптар ескірген пестицидтермен, әсіресе тұрақты органикалық ластаушылармен (ТОЛ) байланысты проблемалардың шешімін табу бойынша бірлескен іс-шараларды табысты жалғастыруды қамтамасыз ету бойынша күш-жігерді күшейтуі қажет, - деп атап өтті Қайрат Нәжмиденов.

ФАО пестицидтерді пайдалануды азайту үшін зиянкестермен кешенді күрес жүргізу (IPM) сияқты балама шешімдерді әзірлеуге және оларды ілгерілетуге ұмтылады.  Конференцияда ФАО өкілдері қолда бар қауіпсіз технологиялар (тұзақтар, диспенсерлер, феромондар және т.б.) арқылы қауіпті химиялық пестицидтерді қолдануды айтарлықтай азайтуға мүмкіндік беретін зиянкестерге қарсы өсімдіктерді кешенді қорғауды (ӨКҚ) қолдану бойынша Қазақстандағы далалық тәжірибелердің алғашқы нәтижелерін ұсынды.

«ӨКҚ жобасының нәтижелері өте жақсы. Зиянкестермен күресудің баламалы әдістерін қолдану арқылы химиялық шашыратудың санын 60-70%-ға дейін азайтуға болатынын түсіндік. Фермерлер мұны қымбат деп санайды, бірақ ол қате пікір. Химиялық препараттарды дақылға байланысты маусымда 13-14 рет себу керек делік, ал биологиялық баламалар қолдану қажеттілігі әлдеқайда аз. Демек, өнімнің соңғы құны әлдеқайда төмен. Біз мұны дәлелдедік. ФАО ұсынатын технологиялар жаңа емес және әлемде қолданылып жүр, бірақ, өкінішке орай, Қазақстанда көптеген фермерлер олар туралы біле бермейді», - дейді ФАО/ГЭФ ұлттық жоба менеджері Жаңыл Бозаева.

Сарапшылардың пікірінше, пестицидтер жиі пайдаланылады және тиісті бақылаусыз сақталады, көптеген фермерлер одан хабарсыз болғандықтан, суды тасымалдау немесе азық-түлік сақтау үшін химиялық контейнерлерді пайдалануы мүмкін, бұл мүлдем рұқсат етілмейді. 2024 жылы ФАО Қазақстандағы фермерлер арасында ӨКҚ және пестицидтерге арналған контейнерлерді басқарудың қауіпсіз тәжірибесін насихаттау үшін ақпараттық науқанды бастауды жоспарлап отыр.

ФАО сонымен қатар Орталық Азия елдері мен мекемелерінің бизнес қауымдастығына жасыл ауыл шаруашылығы бойынша ФАО аймақтық платформасын ұсынды. Қатысушылар Қазақстанның ғылыми институттары әзірлеген қолжетімді технологиялармен танысты. «Біз Қазақстан елінің пестицидтермен, ластанған топырақтармен күресуде және органикалық ауыл шаруашылығын дамытуда жаңа технологияларды енгізу үшін орасан зор әлеуетке ие екенін көрдік, оны бұдан әрі ФАО платформасына енгізіп, Орталық Азия мен Шығыс Еуропаның басқа елдерінде де ауқымды кеңейте аламыз», – дейді Жаңыл Бозаева.

Форум аясында қатысушылар топырақтың ластануын бақылау және оны алдын алу үшін ауыл шаруашылығындағы цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін де талқылады.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО) Біріккен Ұлттар Ұйымының мамандандырылған мекемесі болып табылады, ол мүше елдер тап болған ауыл шаруашылығын дамытудың жаһандық мәселелерін шешу, сондай-ақ азық-түлік қауіпсіздігі мен халықтың жоғары сапалы азық-түлікке қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін құрылған. ФАО-ға 194-тен астам ел мүше және ол ұйым әлемнің 130-дан астам елінде жұмыс істейді. Қазақстан мен ФАО арасындағы серіктестік Қазақстан ФАО-ға 1997 жылы қосылғаннан бері дамып келеді.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылдың қаңтарында Римде ФАО бас директоры Цюй Дуньюмен кездесуінде Қазақстанда Орталық Азия үшін ФАО-ның субөңірлік кеңсесін құруды ұсынған болатын. Қ.Тоқаев жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің және агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуына жәрдем көрсетудің маңыздылығын атап өтіп, Республикамыздың астық пен ұн өндірушілердің алғашқы ондығына кіретіндіктен, бұл мәселені шешуге өз үлесін қосуға ниетті екенін атап өтті.

 

Желіде Перизат Қайраттың жалған сұхбаты тарады Ұлттық ұлан факультетінде ғылыми-теориялық конференция өтті «Әр баланың өз бөлмесі бар»: Блогер Дархан Жолшыбеков көпбалалы әйелге үй сыйлады «Қатты ауырып жатыр»: Жанқош Тұраровтың әлі күнге дейін тергеуге бармағаны белгілі болды «5 млн дейін береді»: Ләйлә Сұлтанқызы Шымкент өңіріндегі қалың малдың қанша екенін жариялады Перизат Қайраттың «Біз біргеміз» қоры жариялаған фотолар басқа сайттан алынған болып шықты Автобус тізгіндеу қауіпті бола бастады ма? «Біреу мені құлатқысы келеді»: Дина Төлепберген үндеуімен ойландырып қойды (ВИДЕО) «Бұл затта менің энергиям бар»: әншіліктен алшақтаған Ерке Есмахан жаңа кәсіппен айналысатын болды (ФОТО) «Горилла» ішіп «маймыл» болғанша: ҚМДБ пәтуасы қандай? Әкесі қызын күйеуге тиюден бас тартқаны үшін өлтіріп тастады Қаңғыбас адамнан қаңғыбас иттің «жағдайы жақсы» «Тоқал» алдым деп мақтанған жекпе-жек шебері Тайрон Вудлиді рингке шақырды Кластастар қайда: сыныптасын секс құлдықта ұстағандардың ісі не болып жатыр? Футболға 5 млрд теңге бөліп, чемпион болмай-ақ қойдым: Нәлібаев халықтың ойын дөп айтты «Біз – араб емеспіз»: Нұрлан имам қалыңмалға қосып мәһрді де алуға болмайтынын айтты Базардан ет алу – қорқынышты: Атырауда сібір жарасы анықталды Жолбарыстың видеосын жариялаған теміртаулық әйелдің басы «бәлеге» қалды (ВИДЕО) «3 бастық жабылып ұрып-соғып, жала жапқан»: түрме қызметкеріне бастықтары қорлық көрсетіп келген (ВИДЕО) Біз сенген басшылар инфляцияны қалай тежемек?