Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады
Тоқтатуға мәжбүрмін дейді Ермахан.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстан құрамасының мүшесі, халықаралық жарыстардың жүлдегері Ермахан Жақпеков кәсіби мансабын аяқтағанын мәлімдеді. Бұл туралы боксшы өзінің Instagram парақшасында жазды.
— Бәрі де Алланың қалауымен. Қандай жағдай болса да — Әлхамдулиллаһ. Мен бокс мансабымды аяқтап жатырмын. Жарақат тоқтауға мәжбүр етті.
Бокс — өмірімнің үлкен бөлігі болды. Ол маған тәртіпті, мінезді, күш-жігер мен нағыз адамдарды сыйлады. Әр раунд, әрбір тер тамшысы, әрбір рингке шығу — мен үшін үлкен мақтаныш, — деп жазды Жақпеков.
Ол өзіне сенім артқан, жеңіс пен жеңіліс сәтінде жанынан табылған жанкүйерлер мен жақындарына алғыс білдірді.
— Бұл — соңы емес, жаңа бастама. Жекпе-жек енді рингтен тыс жерде жалғасады, — деп түйіндеді ол.
Ермахан Жақпеков — Қазақстанның бес дүркін, Азияның 2 дүркін чемпионы. Сондай-ақ 2018 жылы Будапештте (Венгрия) өткен жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері.
Материал авторы