«Салтанат ісі мұны өзгертеді»: Ксения Собчак Қазақстандағы «ұят» ұғымы туралы сөз қозғады

24.04.2024, 09:45
1508
«Салтанат ісі мұны өзгертеді»: Ксения Собчак Қазақстандағы «ұят» ұғымы туралы сөз қозғады xenia_sobchak

Ресейлік журналист Ксения Собчак әлеуметтік желідегі парақшасында Салтанат Нүкенованың ісі және Қазақстандағы «ұят» ұғымы туралы жазба жариялады.

Бұл туралы Aikyn.kz хабарлады.

Ол алдымен Қазақстанға жиі келетінін, тіпті мұнда түрлі іс-шаралар, той жүргізетінін және достары бар екенін атап өтті.

«Жалпы мен Қазақстанға жиі келемін және бұл елді жақсы көремін. Мұнда достарым көп, кейде осында іс-шаралар мен тойларды жүргіземін. Сонымен бірге мұндай біртүрлі қайшылықты бірінші рет байқап тұрған жоқпын. Бір жағынан, қазақ әйелдерінің басым бөлігі оқ бойы озық: олар көп жұмыс істейді, тәуелсіз, бәріне өздері қол жеткізгісі келеді, эмансипацияға, тәуелсіздікке, теңдікті мойындауға ұмтылады. Оның үстіне мұнда дұрыс феминизмге, өзара көмекке және girl power түсінігіне орын бар. Мұндай әйелдерді өзім де танимын, кейбірімен доспын, оларды қатты сыйлаймын.

Алайда мұнымен қоса елде «ұят» деген түсінік бар. Ол қоғамдық айыптаудан көрінеді. Онлайн да, офлайн да. Осы құбылыс аясында әйел кез келген дәстүрлі нормадан ауытқығаны үшін ұятқа қалуы мүмкін. Көшеге қысқа белдемшемен шықтыңыз ба? Ұят. Бірнеше «үміткеріңіз» бар ма? Ұят. Күйеуің қол көтеріп жатқанда, кетіп қалдың ба? Ұят. Әрине, бұл моральдық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерге қосымша қысым жасайды.

«Ұят» түсінігін қорғайтындар Қазақстанның еркін ғұрыптар мен жастардың прогрессив көзқарастарының қарқынды дамуына байланысты халықтың бір бөлігі арасында танымал көрінеді. Аға буын осылайша белгілі бір әдептілік шеңберін құрып, «оларды қателіктен қорғағысы келеді». Бірақ іс жүзінде бұл архаизмді бүркемелеп жатыр.

Ендеше, менің айтайын дегенім: Салтанат ісі осы бағыттағы бетбұрыс болды. Ол бұл түсінікті өзгертіп жатыр. Бұрын ұят деп келген консервативті ойлайтын халықтың бір бөлігі әйелдерге әкөп сөйлеме, ұрыс-керісті сыртқа шығарма, үндеме, шыда, сүйіп кетесің» деп келген. Енді міне, қыздар үйдегі тирандарға қарсы күресте бірігіп қана қоймай, арнайы заң қабылданған күнге жетті.

Жалпы, қазір Қазақстанда Салтанат ісі аясында өте қызық оқиғалар болып жатыр. Бәлкім, біз тып-тыныш төңкерістің бір түрін көріп жатқан шығармыз. Азаматтық қоғамның жеңісін», - деп жазды ол.

Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген