Азық-түлік бағасын тұрақтандыру шаралары қабылданып жатыр

27.04.2024, 09:45
1016
Азық-түлік бағасын тұрақтандыру шаралары қабылданып жатыр Мемлекеттік органдардың ресми сайты / GOV.KZ

Зардап шеккен сауда инфрақұрылымына мониторинг жүргізіледі.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өткен аптада баға индексі 99,9%, айдың басынан бастап 99,7%, су тасқыны басталғаннан бері 99,8%, жыл басынан бері 100,3%. (+0,3%) құрады. Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасы жайында ҚР Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитеті төрағасының орынбасары Ернұр Жәутікбаев ОКҚ брифингінде баяндады.

Атырауда бағаның өсуі +0,1%, Қостанай, Ұлытау, Абай және Павлодар облыстарында тұрақты, Ақтөбе облысында – 1,7%, Ақмола, Батыс Қазақстан облысында – 0,2%, Солтүстік Қазақстан облысында - 0,1%-ға төмендеді.

«Су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі азық-түлік тауарларының тапшылығы мәселесі министрліктің ерекше бақылауында. Министрлік ЖАО-мен өзара іс-қимыл жөніндегі аумақтық департаменттермен жұмысын үйлестіреді. Әкімдіктермен және өңірлік ӘКК-мен бірлесіп, азық-түлік тауарларының жеткілікті санының болуына сауда объектілерінің қорларын көшпелі тексеру жүзеге асырылды. Кәсіпкерлер мен су басқан аудандардың тұрғындарына ӘМАТ бағасын көтеру фактілерінің болуы бойынша сауалнама жүргізілуде. Бағаны тұрақтандыру тетіктері шеңберінде ӘКК-мен келісімшартқа отырған қорлардың су басуы мен жоғалуының ықтимал тәуекелдеріне көкөніс сақтау қоймаларына мониторинг жүргізілді», – деді Ернұр Жәутікбаев.

Сондай-ақ зардап шеккен сауда инфрақұрылымына мониторинг жүргізіледі. Сауда объектілерін су басу қаупі бар аймақтарда эвакуациялау қажеттілігі түсіндіріледі. Бизнестің шағымдарын қабылдау және қарау үшін «жедел желі» құрылды, қоғамдық бақылау пунктері ашылды. Бірінші кезектегі тауарларға бағаны айла-шарғы жасау фактілерінің жолын кеседі. СҚО-да бұл жұмысқа бөтелкедегі ауызсу алыпсатарлығы фактілерінің жолын кесу үшін полиция және экономикалық тергеу департаменттері тартылды. 

ӘМАТ-қа 15% сауда үстемесінің мөлшерін сақтау бойынша сауда субъектілерімен үнемі түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Су басу аймақтарында орналасқан сауда желілерімен ТЖ кезеңінде азық-түлік тауарларын және бөтелкедегі ауызсуды үздіксіз жеткізу мәселелері бойынша жұмыс жүргізілді. 

Бүгінгі таңда су тасқынынан зардап шеккен облыстарда жағдай тұрақты, азық-түлікпен, оның ішінде ӘМАТ-мен жеткізу проблемалары байқалмайды, ӘМАТ бағасының өсуі байқалмайды. Күн сайын сауда объектілеріне мониторинг жүргізіледі.

Сонымен қатар СҚО-да күн сайын сауда желісімен және дистрибьюторлық компаниялармен қала халқын қамтамасыз ету үшін ауызсу жеткізу ұйымдастырылады. «Көкшетау минералды сулары» АҚ-мен келіссөздер барысында 5 литрлік бөтелкеге тәулік бойы су құюға және жедел тиеуге көшу жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді. Солтүстік Қазақстан облысының сауда департаментінің мәліметінше, су жеткізуде проблемалар жоқ, барлық бағыттар ашық және жолға қойылған, су жеткізу сауда желілерімен кедергісіз жүргізіледі.

Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында жағдай тұрақты, сауда объектілері әдеттегідей жұмыс істейді. Аймақтар судың келуін күтуде, дүкендер мен қоймалардағы қорлар жеткілікті. Ақтөбе және Қостанай облыстарында азық-түлік жағдайы тұрақты, азық-түлік тауарларын жеткізу жоспарлы режимде жүзеге асырылады.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды