«RoboZerde-2024»: Астанада алғаш рет республикалық робототехника фестивалі өтіп жатыр

12.05.2024, 15:58
1014
«RoboZerde-2024»: Астанада алғаш рет республикалық робототехника фестивалі өтіп жатыр Мемлекеттік органдардың ресми сайты / GOV.KZ

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бас ғимаратында Әлихан Мақсұт атындағы «РобоЗерде - 2024» республикалық робототехника фестивалі өтіп жатыр, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, технократ оқушылардың алғашқы республикалық сайысын өмірден ерте озған дарынды оқушы, физика, робототехника салалары бойынша республикалық, халықаралық пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобалардың бірнеше дүркін жеңімпазы, жас ақын Әлихан Серікзатұлы Мақсұттың ғибратты ғұмырын мектеп оқушыларына үлгі ету өткізудің мақсатында ұйымдастырылған.

Республикалық сайыс, сондай-ақ, биыл 8-14 қыркүйек аралығында Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойынының құрметіне ұлттық салт-дәстүр мен ұлттық спортты насихаттауға арналды.

Іс-шараның ашылу салтанатына ҚР Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, AMANAT партиясының өкілдері, Астана қаласы Білім басқармасының өкілдері, ғалымдар, қоғам қайраткерлері, өнер қайраткерлері, журналистер, блогерлер қатысуда.

Салтанатты іс-шараға жиналған көпшілік белгілі кинорежиссер Мұрат Есжан түсірген «Әлиханның арманы» деректі фильмінің көрсетілімін тамашалады.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің басқарма мүшесі, академиялық мәселелер жөніндегі проректор Бейсенбай Артық, AMANAT партиясының атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек, ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы вице-президенті, Бас хатшы Тастанбек Есентаевтар фестивальде алғысөз сөйлеп, сайыскерлерге сәттілік тіледі.

“Бүгінгі іс-шараның маңызы ерекше. Робототехника - дамыған елдерде аса қажетті сала. Президентіміз де әрбір жиналыста жасанды интеллект, цифрландыру, технократияның маңызын айтып жүр. Себебі еліміздің болашағы осыған байланысты болып тұр. Егер мұны дамытпасақ, дамыған елдер қатарына қосыла алмаймыз. Сондықтан жастарымызды ғылымның осы саласына тәрбиелеу керек. Осы мақсатта мен де өз ұлымды тәрбиелегенмін. Бірақ оның ғұмыры қысқа болды. Ұлымның арманын үзбеу үшін, әрі қарай жалғау үшін басқа балаларды тәрбиелеуге күш салып жатырмын. Осындай орталықта дарынды балалардың басын қосып, мықтыларын таңдап алып, қолдау көрсету үшін сол саланың мамандарын шақырып, инновацияларды көрсетіп жатырмыз. Мысалы, киіз үйлер, қымыз шығаруға байланысты балалардың ерекше өнертабыстарын көрдіңіздер. Яғни біз жобаларды басқалардан сатып алмай, өз балаларымыздың жобаларын жүзеге асыруға тырысуымыз керек. Елімізді индустриялы мемлекетке айналдыру үшін үлкен жобаларды өзіміз қабылдап, идеяларымызды шетел алып кетпейтіндей етіп Қазақстанда қалдыруымыз керек. Жастардың идеясы көп, соны осы жерде орталықтандырып, насихаттау – парызымыз. Сондықтан бұл фестивальге мемлекеттік ұйымдарды тартып, AMANAT тәрізді үлкен партияны қолдауға шақырып отырмын.

Әлиханның арманын жүзеге асыру үшін жастардың арманын ұштастырып, елімізді ең дамыған елдер қатарына қоссақ деген мүддеміз бар”, - деді іс-шараның бас ұйымдастырушысы, айтыс ақыны Серікзат Дүйсенғазин.

Оның айтуынша, дарынды оқушылардың ғылыми дағдысын шыңдау және тәжірибе алмасу үшін келешекте фестивальді халықаралық деңгейге көтеру де жоспарланып отыр.

Сайысқа еліміздің 15 аймағынан келген 200-ден аса мектеп оқушысы сахна төріне шақырылып, оларға ұйымдастырушылар сәттілік тіледі. Олар робототехниканың «РобоСпорт» бағытының төрт санаты бойынша («Арқан тартыс», «Асық ату», «Мерген», «Ақсүйек») және «Шығармашылық жоба» бағыты бойынша «Мәдени мұра және инновация» деген санатта сайысқа түсетін болады.

Фестивальдің «РобоСпорт» бағыты ЕҰУ «University sports centre» спорттық-сауықтыру кешенінде, «Шығармашылық жоба» бағыты «Күлтегін» атриумында жалғасты.

Айта кетейік, бұдан бұлай Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы, Астана қаласы әкімдігінің №9 «Зерде» мамандандырылған лицейі, «Роботек» робототехника мектебі, «Марс роботикс» роботехника мектебі және Әлихан Мақсұт атындағы дарынды балаларды қолдау қоры бірлесіп ұйымдастырып отырған фестиваль жыл сайын мамыр айында дәстүрлі түрде өтпек.

Ал фестивальге AMANAT партиясы мен партияның «Жастар рухы» жастар қанаты тұрақты демеушілік ететін болады.

Рим папасы Путин мен Зеленскийге келіссөзді Ватиканда өткізуді ұсынды Атыраулық еркек бес жыл бойы өгей қызын зорлап келген «Соғыс тоқтамайды»: Украина мен Ресей арасындағы келіссөз екі сағатқа да созылмады Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады Ақтөбеде бизнесмендерді бопсалаған «Антикор қызметкері» ұсталды Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды «Қыздың бәрін ғашық қылған»: Тамара Асар тәлімгер Мұхамеджан Тазабектің серілігін айтты (ВИДЕО) «Мәдинаға келіп-кетіп жүретін»: марқұм әншіге Болат Назарбаев зәулім үй сыйлағаны белгілі болды Free Fire алаяқтығы: Шымкенттік оқушы «үздік» ойын аккаунты үшін 2 миллион теңгеден айырылған Назарбаев мектебіне түскен оқушы қуаныштан жылап қалды (ВИДЕО) «Шоколад орнына телефон»: Павлодардағы түрмеге телефон жасырып кіргізбек болған Астанада жеңіл көлік жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кетті Жапонияда қылмыстық топ құрған өзбек жігіттер ұсталды (ВИДЕО) Ұлыбритания Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды «Шерзатты шатастырып ұрып кетіппін»: Сотта күдікті Белқожаев жауап беріп жатыр «Көзінің ішінде оқ бар»: Ақтауда 11-сынып оқушысын жасөспірімдер атып кетті «Келесі күні мектепке бардым»: Айыпталушы жасөспірім Шерзаттың отбасынан кешірім сұрады Танымал балуанның үйінде құлдықта болдым деген Мұқанның ісі тоқтатылды «Ақшаны алмадым»: Жамбылдық әйел асырап алған баласын оқтаумен ұрған Трамптың он бірінші немересі дүниеге келді