«Көзінің ішінде оқ бар»: Ақтауда 11-сынып оқушысын жасөспірімдер атып кетті

16.05.2025, 14:33
922
«Көзінің ішінде оқ бар»: Ақтауда 11-сынып оқушысын жасөспірімдер атып кетті бейнежазбадан

Күдіктілер әлі бостандықта жүр дейді анасы.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтауда досына араша түспек болған 11-сынып оқушысы оқ жарақатын алды. Оқ жасөспірімнің көзіне тиген. Жәбірленушінің жақындары қаскөйлердің әлі бостандықта жүргенін, тергеуге көңілі толмайтынын айтты. Бұл туралы Информбюро жаңалықтар қызметі жеткізді.

11-сынып оқушысы қазір мектепке барып жүр. Бірнеше күрделі отадан кейін жағдайы оңала бастаған. Бірақ бір көзі мүлдем көрмейді.

“Шүріппені басқанда оқ сол жақ көзіме тиді. Содан кейін не болғанын білмеймін, тас қараңғы болып кетті. Көзім ағып кеткен шығар деп қатты қорықтым. Қазір бір көзім көрмейді. Ұшқыштарды оқытатын университетке тапсыру үшін құжат жинап жүрген едім. Бала кездегі арманым еді”, – дейді жәбірленуші.

Туыстарының айтуынша, оқиға былтыр 30 желтоқсанда қаланың қақ ортасында болған. 11-сыныптың оқушысы кинодан шығып, үйге қайтып бара жатқан кезде бір топ бозбала досыма тиісе бастағанын айтты. Жолдасына араша түспек болған маған топ ішіндегі біреуі пневматикалық қару кезеп, бірден көзіме оқ атып жіберді деп отыр. Жерде жатқанда басынан теуіп, ұрған.

“Мама, көзім қалай?” деп қайта-қайта көзін сұрай берді. Бәрі жақсы болады балам дедім. МРТ түсіргенде уже анықтады, ішінде оқ бар деді. Операцияға аламыз деді. Сол кезде біз полицияға хабарластық. Екі рет барғанда да көзбе-көз беттестірген жоқ. Содан бері ешқандай хабар жоқ. Олар да – колледжде оқитын 2007 жылғы балалар. Не үшін қолына қару ұстап жүргенін білмеймін. Ата-аналар 12 бала қайда жүргенін білуі керек қой”, – дейді жәбірленушінің анасы Мадина Рысмағанбетова.

Оның айтуынша, күдікті әлі бостандықта жүр. Сот-медициналық сараптама қорытындысы да шықпаған деп отыр. Ал полиция кәмелетке толмаған бір баланың тергеліп жатқанын мәлімдеді.

“Осы оқиға бойынша қылмыстық іс "адам өлтіруге оқталу" бабы бойынша тіркелді. Тергеу барысында іс Қылмыстық кодекстің 106-бабына (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) ауыстырылды. Кәмелетке толмаған күдікті анықталды. Шетелге шығуына қолхатпен тыйым салынды. Тергеу жүріп жатыр”, – деді Маңғыстау облыстық полиция департаменті.

Оқушының анасы күдіктілерді кешірмеймін деп отыр.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады