Рим папасы Путин мен Зеленскийге келіссөзді Ватиканда өткізуді ұсынды

17.05.2025, 12:49
1285
Рим папасы Путин мен Зеленскийге келіссөзді Ватиканда өткізуді ұсынды Franco Origlia / Getty Images

Ол Ыстамбұлдағы келіссөздерге көңілі толмағанын айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, жаңадан сайланған Рим папасы Арыстан XIV Украина мен Ресей арасындағы тікелей келіссөздер үшін Ватиканды бейтарап алаң ретінде ұсынуға дайын. Бұл туралы Ватиканның Мемлекеттік хатшысы Пьетро Паролин мәлімдеді

"Украинадағы қақтығысты реттеуге бағытталған келіссөздер Ватиканда өтуі мүмкін", — деді Пьетро Паролин.

Оның айтуынша, Арыстан XIV қажет болған жағдайда тараптардың өкілдерімен тікелей кездесу өткізуге алаң ұсынуды көздеп отыр.

Папа сарайының өкілі Ыстамбұлда өткен келіссөздер нәтижесіне көңілі толмайтынын да білдірді:

"Бұл өте қайғылы жағдай. Біз баяу болса да бейбіт келіссөздер басталады деп үміттенген едік. Алайда бәрі қайта басынан басталды. Алдағы уақытта не болатынын көреміз, бірақ қазіргі жағдай өте күрделі әрі ауыр," – деді ол.

Бейсенбі күні Папа Арыстан XIV понтифик ретіндегі алғашқы қабылдауларының бірі ретінде Украина Грек-католик шіркеуінің басшысы, Блаженнейший Святослав Шевчукпен кездесті. Архиерей Рим папасына Украинадағы бейбітшілікке шақырған үндеулері үшін алғыс айтып, елге ресми сапармен келуге шақырды.

Сондай-ақ Киев-Галицкий архиепископы Ватикан басшысына Ресейдің тұтқынында отырған украин сарбаздарының тізімін табыстады.

Айта кетейік, бұған дейін Папа Франциск кезінде Ватикан тұтқындарды алмастыру мен Ресейге әкетілген украин балаларын елге қайтару процесін белсенді қолдаған болатын.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді