«Келесі күні мектепке бардым»: Айыпталушы жасөспірім Шерзаттың отбасынан кешірім сұрады

16.05.2025, 14:04
1171
«Келесі күні мектепке бардым»: Айыпталушы жасөспірім Шерзаттың отбасынан кешірім сұрады бейнежазбадан

Айыпталушы: «Нұрбол аға, үйге қайтайықшы» дедім.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот отырысында кәмелетке толмаған сотталушы Искаков Думан куәлік етті. Жасөспірімге қылмыс туралы хабарламағаны үшін айып тағылды.

Сотта 2007 жылы туған, мектептің 11-сынып оқушысы – кәмелетке толмаған айыпталушы сөз сөйледі. Куәлік бермес бұрын ол жәбірленушілерден кешірім сұрады.

Жасөспірім сол күні топтық төбелес болған жерге қалай барғанын айтып берді. Оның айтуынша, 3 қазан күні сағат 21:00 шамасында оған көршісі Нұрбол Тоқтаубаев (айыпталушы) қоңырау шалған. Ол қоңырауды байқамай, оған қайта хабарласқан. 

“Ол ішіп алғанын айтты. Рөлге отыруымды өтінді. "Сенен басқа ешкім жоқ, көмектесші. Досымды жеткізіп тастаймыз, сосын мені үйге апарып тастайсың, ал сені таксиге отырғызып жіберемін" деді. Мен келістім. Біз Тұрар Рысқұлов ауылынан Талғарға шықтық. Оның досын жеткізіп тастадық. Үйге қайтып келе жатқанда Нұрбол Шыңғыс Белғожақовқа (айыпталушы) қоңырау шалып, қайда екенін сұрады. Ол "Эйфория" кафесінде екенін айтты”, – деді айыпталушы.

Искаков Думанның айтуынша, олар кафеге барған. Онда Шыңғыс Белғожақов, Азамат Тоқтаубаев, Нұркияс Ильясов, Равиль Сакиев, Абзал Шынасыл және оған бейтаныс екі қыз болған. Шамамен 10–15 минут өткен соң, Нұрбол біреумен сөйлескен.

Ол досы Дарханды біреу ұрып кеткенін айтып, сол жерге барып келуді ұсынды. Біз "Қамажай" дүкеніне келдік. Ол жерде Дархан Әскентай, Қаржаубай, Шерзат және Нұрқанат болған. Барғанда олар ақшасын төлемеді деді. Сонда Тоқтаубаев Нұрбол ақшасын төлеп берді. Сөйтіп тұрғанда Дархан Нұрболға ренжіп кетіп қалды. Біз Дарханның артынан бардық. Сонда ол “негізі ақшаны төлегем” деді. Сонда Нұрбол қайта барайық деді. Мен көлікте отырдым. Видеода менің Қаржаубай ағаға барып, "не болды?" деп сұрағаным көрінеді. Ол маған бәрін түсіндірді. Негізі Дархан ақшамен “Қалтаева” дегеннен түседі, бірақ “Светлана” дегеннен түсті деді. Қаржаубайдан ренішіңіз бар ма деп едім, “жоқ” деп жауап берді. Қайта көлікке отырдым. Содан кейін Шерзат Полаттың достары келді. Сол кезде Нұрбол аға біреумен сөйлесіп жатты. Ол "Қазір, қазір", – деп жауап берді”, – деп түсініктеме берді жасөспірім.

Одан кейін айыпталушы көлікке қайта оралып, сол жерде отырғанын айтты. Біраз уақыттан кейін "Эйфория" кафесінде болғандар да оқиға орнына келген. Жасөспірімнің айтуынша, Азамат, Шыңғыс, Равиль, Нұркияс және екі қыз Mercedes көлігімен келген.

“Абзалдың қандай көлікпен келгенін білмеймін, бірақ ол да солардан кейін келді. Олар сөйлесіп жатты, мен көлікте отырдым. Кейін бір уақытта оқ атылған дыбысты естіп, қорқып кеттім де, көлікті артқа қарай жүргізіп қойдым. Сол жерде отыра бердім. Шамамен 7 минуттан кейін Mercedes көлігі жаныма өтіп кетті. Мен Нұрбол аға солармен бірге кетті деп ойладым, себебі бәрі тынышталып қалды. Содан кейін мен көлікпен олардың артынан жүріп, Нұрбол ағаға өз көлігін қайтармақ болдым”, – деп түсіндірді жасөспірім.

Ол "777" дүкені маңында көліктер тоқтағанын және өзінің көліктен шыққанын айтты.

"Нұрбол аға, үйге қайтайықшы" дедім. Ол “Күте тұр, қазір ауылға барамыз" деді. “Жарайды" дедім. Сол сәтте Абзал Шынасылдың пышақты сүртіп жатқанын көрдім. Сондай-ақ көлікте мылтық тіреулі тұрғанын көрдім. Кейін Нұрбол, Азамат, Дархан және Абзал Volkswagen Golf көлігіне отырып, Тұрар Рысқұлов ауылы жаққа қарай кетті. Маған "тауға жүр" деді. Мен "бармаймын, үйге қайтамын" дедім. Олар: "Жақсы" деді. Сөйтіп мен ауылдан шамамен 2,5 км жерге дейін түсіп қалдым. Жаяулап үйге кеттім. Ал рөлге Азамат Тоқтаубаев отырды”, – деді айыпталушы.

Жасөспірім үйіне келген кезде үйдегілердің бәрі ұйықтап жатқанын айтты.

“Мен де ұйықтадым, келесі күні мектепке бардым. Сағат 11-12 шамасында әлеуметтік желі арқылы Шерзат Полаттың мерт болғанын, жеті ер адам мен екі қыздың ұсталғанын білдім. Ақпараттар шыға бастады. Сол жерде біреу пышақтың сүртілгенін де көріпті”, – деді ол.

Сот процесі барысында оған “Жолда төбелес жайлы әңгіме болды ма” деп сұрады. Ол "Ештеңе болған жоқ, бәрі жақсы. Үйге қайт” деді”, – деп жауап берді.

Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген