Ақтөбеде бизнесмендерді бопсалаған «Антикор қызметкері» ұсталды

17.05.2025, 10:10
972
Ақтөбеде бизнесмендерді бопсалаған «Антикор қызметкері» ұсталды Ақтөбе облысы ПД

Жәбірленушілерге қатысты құпия ақпараттарды пайдаланған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбеде өзін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкері ретінде таныстырып, кәсіпкерлерден ақша бопсалаған ер адам ұсталды.

Тергеу мәліметінше, күдікті бизнес өкілдерін қылмыстық қудалаумен қорқытып, "мәселені шешу" үшін ірі көлемде ақша талап еткен. Ол қысым көрсету үшін жәбірленушілерге қатысты құпия ақпараттарды пайдаланған.

Мысалы, ол ЖШС-нің кадр бөлімінің басшысынан 5 миллион теңге талап еткен, ал ұсталуы кезінде көлігінен 4 миллион теңге тәркіленді.

Аталған іс бойынша ҚР ҚК 194-бабы (Бопсалау) бойынша тергеу жүргізілуде. Бұл бап 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.

Құқық қорғау органдары тұрғындарды қырағылық танытып, мұндай жағдайлар орын алса, бірден полицияға хабар беруге шақырады. Барлық шағымданушылардың анонимдігі мен қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді