Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

17.05.2025, 09:30
783
Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Getty Images

17 мамырға арналған ауа райы болжамы жарияланды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Қазгидромет» РМК бүгін, 17 мамырда Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жариялады.

Синоптиктердің болжамынша, еліміздің көптеген өңірінде найзағай, бұршақ, дауыл, қатты ыстық және жоғары өрт қаупі күтіледі.

Атырау облысындатүнде найзағай, желдің күші 15–20 м/с дейін жетеді. Өңірдің бірқатар аймақтарында жоғары өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысындакүндіз +42°С қатты ыстық болады. Таулы аудандарда найзағай мен бұршақ күтіледі, ал солтүстігі мен оңтүстігінде шаңды дауыл соғады. Желдің екпіні 23 м/с дейін жетеді. Өрт қаупі төтенше деңгейде.

Абай облысындакүндіз +35…+37°С аптап ыстық сақталады. Батысында, солтүстігінде және орталығында төтенше өрт қаупі бар.

Шығыс Қазақстан облысындада +35°С ыстық күтіліп, оңтүстігінде өрт қаупі күшейеді.

Маңғыстау облысындатүнде солтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Найзағай, 15–20 м/с жел күтіледі. Өрт қаупі жоғары.

Солтүстік Қазақстан облысынданайзағай, бұршақ, дауыл күтіліп, жел екпіні 25 м/с дейін күшейеді. Күндіз оңтүстігінде қатты жаңбыр жауады.

Ұлытау облысынданайзағай, желдің екпіні 20 м/с дейін күшейіп, +35…+36°С ыстық күтіледі. Өрт қаупі жоғары және төтенше деңгейде.

Қарағанды облысындакүндіз +35…+37°С аптап ыстық болады. Жел 15–20 м/с дейін күшейіп, облыстың көп бөлігінде өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысыныңоңтүстігі мен шығысында жел екпіні 15–20 м/с дейін жетеді.

Павлодар облысынданайзағай, бұршақ, 15–20 м/с жел күтіледі. Күндіз +35°С ыстық. Өрт қаупі жоғары, кей жерлерде төтенше.

Жетісу облысындакүндіз +35…+39°С ыстық сақталады. Жел 15–20 м/с дейін күшейеді. Өрт қаупі жоғары және төтенше.

Қызылорда облысындатүнде және күндіз найзағай, дауыл, шаңды дауыл және бұршақ күтіледі. Жел екпіні 28 м/с дейін жетуі мүмкін. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысынданайзағай, бұршақ, жел, қатты жаңбыр күтіледі. Жел 15–20 м/с. Өрт қаупі жоғары және төтенше деңгейде.

Қостанай облысынданайзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Тұман түсуі ықтимал. Жел екпіні 20 м/с дейін жетеді. Өрт қаупі жоғары.

Ақмола облысынданайзағай, бұршақ, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Жел 15–20 м/с. Өрт қаупі жоғары және төтенше.

Алматы облысында+34…+39°С қатты ыстық болады. Таулы аудандарда жел екпіні 18 м/с дейін күшейеді. Өрт қаупі жоғары және төтенше деңгейде.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді