Free Fire алаяқтығы: Шымкенттік оқушы «үздік» ойын аккаунты үшін 2 миллион теңгеден айырылған

16.05.2025, 18:15
1183
Free Fire алаяқтығы: Шымкенттік оқушы «үздік» ойын аккаунты үшін 2 миллион теңгеден айырылған Рolisia.kz

Бала анасының картасын алаяққа жіберген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шымкентте бала онлайн ойын арқылы алаяққа алданып, ата-анасының 2 миллион теңгесін жоғалтты. Ақшаның жоғалғанын байқаған анасы бірден полицияға жүгінген. Бұл туралы Рolisia.kz мәлімдеді.

Шымкентте бала онлайн ойын арқылы алаяққа алданып, ата-анасының 2 миллион теңгесін жоғалтты. Ақшаның жоғалғанын байқаған анасы бірден полицияға жүгінген, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция департаментінің мәліметінше, бейтаныс адам баланы Free Fire мобильді ойынының «жақсы дамыған аккаунтын» сатып алуға көндірген. Қызығушылық танытқан бала күдіктінің нұсқауымен анасының банк картасын суретке түсіріп, оның деректерін және аударым жасау үшін қажет кодты жіберген.

Алаяқ картадан 2 миллион теңгеге жуық қаржыны шешіп алған.

Жедел шаралар барысында күдікті қолға түсті. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Полиция ата-аналарға ескерту жасап, балаларға интернеттегі қауіпсіздік ережелерін жиі түсіндіріп отыруға кеңес берді:

«Банк деректерін ешқашан бөгде адамдарға бермеңіз және балалардың да бұлай жасауына жол бермеңіз», – делінген хабарламада.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды