«Қыздың бәрін ғашық қылған»: Тамара Асар тәлімгер Мұхамеджан Тазабектің серілігін айтты (ВИДЕО)

Азиз Қалижан Редактор
16.05.2025, 19:35
2555
«Қыздың бәрін ғашық қылған»: Тамара Асар тәлімгер Мұхамеджан Тазабектің серілігін айтты (ВИДЕО) бейнежазбадан

Қыздар жатақхананың есігін ашып қойып, Мұхаң есіктен бір сығалар ма екен деп армандайтын дейді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, белгілі әнші Тамара Асар досы әрі замандасы Мұхамеджан Тазабектің жастық шағындағы сымбатты бейнесін, беделін еске алып, жүрекжарды лебізін арнады. Бұл сөзін ол Тазабектің қызы Фатиманың ұзату тойында айтты.

"Мұхаңның беделін бөлек айтайын. 1993 жылдары, біз оқуға түскен кезде Мұхамеджан Тазабеков бүкіл мен қазақпын деген қыздың бәрін ғашық қылған. Әрбір жатақхананың есігі ашулы, дастарханы жаюлы болатын. Осы Мұхаң есіктен бір сығалар ма екен, бір төрт жол өлеңімді арнар ма екем деп армандаған Мұхаңның төрінде мен ән айтайын деп тұрмын. Мұха, ұшырғалы отырған балапаныңыздың бағы болсын", – деді Тамара Асар.

Айтыскер ақын, дінтанушы Мұхамеджан Тазабек қызының ұзату тойына ерекше тарту жасап, ел ықыласын өзіне аударды. Ол болашақ келіндерге арналған 40 маңызды кеңесті кітапша түрінде дайындап, тойда таратқанын айтты.

“Бұл сыйлықты қызыма ғана емес, ұзатылатын барша қазақ қыздарына, аяулы қарындастарыма арнадым. Қыздың болашақ жарына, ата-енесіне, жақындары мен екі жасқа арналған ең маңызды 40 кеңесті қамтып, кітапша етіп шығардым. Сіздер де ұзату тойда тәтті немесе қоқысқа тасталатын қағаз емес, қыздың бақыты үшін маңызды кеңестерді қысқа әрі түсінікті жеткізетін кітапшаны қоя аласыз”, – деп жазды дінтанушы. 

Мұхамеджан Тазабек жақын күндері бұл кеңестерді көпшілікке қолжетімді етіп, сатылымға да шығаратынын айтты.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды