«Соғыс тоқтамайды»: Украина мен Ресей арасындағы келіссөз екі сағатқа да созылмады

17.05.2025, 11:33
1211
«Соғыс тоқтамайды»: Украина мен Ресей арасындағы келіссөз екі сағатқа да созылмады Офис президента

Келіссөздерде қандай шешімдер қабылданғаны белгілі болды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Украина мен Ресей Түркиядағы келіссөздер отырысында тұтқындар алмасуға келісті.

Украина мен Ресей арасындағы соңғы үш жылдағы алғашқы тікелей келіссөздер Түркияда өтті. Алайда келіссөздер екі сағатқа да жетпей аяқталып, тараптар тек әскери тұтқындармен алмасу туралы ғана мәмілеге келді.

Келіссөзге қатысқан тараптардың айтуынша, алдағы күндері 1000 әскери тұтқын 1000-ға алмастырылады. Бұл – соғыс басталғалы бері тіркелген ең ауқымды тұтқын алмасу болмақ.

Ресей делегациясын президент Владимир Путиннің көмекшісі Владимир Мединский, ал Украина делегациясын қорғаныс министрі Рустем Умеров басқарды. Келіссөзге Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидан да қатысты.

Қақтығысты тоқтату туралы келісімге қол қойылған жоқ. Украина тарабы бұл кездесудің негізгі жетістігі – тұтқын алмасу ғана екенін айтты.

Украина Сыртқы істер министрлігі Ресей тарапынан "қабылдауға болмайтын талаптар" қойылғанын растады, бірақ олардың нақты мазмұнын ашпады. Украиналық БАҚ-тың хабарлауынша, Мәскеу Киевтен Донецк, Луганск, Запорожье және Херсон облыстарынан әскерін толықтай шығаруды талап еткен. Айта кету керек, бұл өңірлердің ешқайсысын Ресей толық бақылауына алған жоқ.

Келіссөз барысында екі ел президенттерінің – Владимир Зеленский мен Владимир Путиннің – болашақта кездесуі мүмкін екені де талқыланған.

Түркия тарабы тараптардың жаңа кездесу өткізу жөнінде принципті түрде келісімге келгенін хабарлады.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады