Танымал балуанның үйінде құлдықта болдым деген Мұқанның ісі тоқтатылды

16.05.2025, 13:31
2631
Танымал балуанның үйінде құлдықта болдым деген Мұқанның ісі тоқтатылды ашық дереккөзден

23 жастағы Мұқан танымал балуан Айша Уәлишан мен оның күйеуі өзін құлдықта ұстағанын айтқан еді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Солтүстік Қазақстан облысында бостандығынан заңсыз айыру дерегі бойынша қозғалған істің тергеуі аяқталды.

2024 жылдың күзінде Алматы облысының 24 жастағы тұрғыны Мұқан есімді азамат Солтүстік Қазақстан облысының шалғай ауылында он айдан астам уақыт бойы еркінен тыс жұмыс істегенін мәлімдеді. Оның айтуынша, спортшы әйел мен оның күйеуі бірнеше жыл бұрын танысқан Мұқанды жоғары жалақы уәде етіп ауылға шақырып, кейін құжаттары мен ұялы телефонын тартып алып, үйде тегін жұмыс істеуге мәжбүрлеген.

Мұқанның сөзінше, ол отбасының шаруашылығын қарап, үй тірлігін атқарған, тіпті моншада тұрып, дұрыс тамақ та берілмеген. Жәбірленуші өзін жүйелі түрде ұрып-соққанын айтып, бұл әрекеттерге спортшы әйелдің күйеуі қатысқанын жеткізген. Бұл жайтты Tengrinews.kz порталына берген сұхбатында Мұқанның өкілі, заңгер Нұрболат Ибраев та растаған.

Мұканның басында да, денесінде де көптеген жарақат іздері бар. Ол қашып кетуге тырысқан, бірақ оны ұстап алып, қатты соққыға жыққан. Ол тек көрші баланың арқасында қашып құтылған. Сол бала Мұканға телефон беріп, ол бауырына хабарласқан. Бауыры баланың нөміріне ақша жіберіп, бала сол ақшаны шешіп, Мұканға берген. Содан соң Мұкан жол-жөнекей көліктермен Көкшетауға жетіп, бауырымен хабарласып, үйіне оралған, – дейді заңгер Нұрболат Ибраев.

Осы оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 126-бабы 3-бөлігі (“Тұлғаны қанау мақсатында заңсыз бостандықтан айыру”) бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын.

Кейінірек Мұкан мен спортшының күйеуі Tengrinews.kz сайтына берген сұхбаттарында оқиға туралы бір-біріне қарама-қайшы мәліметтер айтқан.

Мысалы, спортшының күйеуі Мұканмен Астанада танысқанын, ол сол кезде аялдамада аш-жалаңаш, соққыға жығылған күйде жатқанын айтқан.

Мен оған пәтер жалдап бердім, тамақ сатып алып бердім. Кейін өз үйіме кеттім. Ол сол жақта қалды. 2021 жылы ол менен 2 миллион теңге қарызға алды. Ол қаржылық пирамидаға ақша салып, бәрін жоғалтты. 2023 жылы ол менің үйіме келіп, біраз уақыт тұруға рұқсат сұрады. Біз сол уақыт аралығында WhatsApp арқылы хат-хабар алмасып тұрдық. Ол Астанада қарызы барын, адамдар ақшаны талап етіп жатқанын айтты. Менде барлық аудио бар, – деді спортшының күйеуі.

Нәтижесінде, тергеу барысында барлық жайттар анықталып, қылмыстық іс тоқтатылды.

СҚО полиция департаменті 24 жастағы азаматтың бостандықтан заңсыз айыру фактісі бойынша арызы негізінде жүргізілген тергеуді аяқтады. Тергеу барысында оның өз еркімен келгені, еркін жүріп-тұрғаны, ешқандай шектеулер болмағаны анықталды. Құқықбұзушылық құрамы болмағандықтан іс тоқтатылды, – делінген Tengrinews.kz сауалына жауап берген полиция департаментінің баспасөз қызметінде.

Сонымен қатар, ведомствоның мәліметінше, қазір «қорқыту» және «жалған мәлімет беру» белгілері бойынша материалдар тіркеліп, тиісті тексерулер жүргізілуде.

Қоғамдық көліктегі қызға тиіскен ер адам желі қолданушыларын ашуландырды (ВИДЕО) Абай облысының әкімдігі 170 миллион теңгеге «қонақтар үшін» жаңа автокөлік сатып алмақ Илон Масктың шок! Қазақстан түрмесіндегі жігіт Starlink интернетін орнатып, есірткі сатқан Ташкентте екі жігіт iPhone сататын дүкенді тонап, құрылғыларды 100 доллардан сата бастаған Баян Алагөзова ресейлік әріптестерінен төмен гонорар алудан бас тартқанын айтты Белгілі блогер өгей қызын айлар бойы зорлаған Украина шетелдегі азаматтары үшін қос азаматтықты заңдастырды Павлодарда бұрынғы әйелін көлікпен қағып, мүгедек еткен еркек сотталды Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды Сахнадан көрінбей кеткен Данэлия Төлешова Қытайды дүр сілкіндірді (ВИДЕО) «Хезболла» Хаменейге қастандық жасалса, «ешкімді аямайтынын» айтты Ақтауда шетелдік дәрігерлер үш балаға күрделі ота жасады Маңғыстауда белгісіз ұшатын аппарат табылды Павлодардағы жойқын дауыл: 10-нан астам тұрғын жарақат алып, бір адам қаза болды Иранның БҰҰ-дағы өкілі: «Еуропа Израильді айыптап, қолдауын тоқтатуы тиіс» Сенсация! Қазақстандық теннисші Әлемнің бірінші ракеткасын ойсырата жеңді Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады