«Мәдинаға келіп-кетіп жүретін»: марқұм әншіге Болат Назарбаев зәулім үй сыйлағаны белгілі болды

Аиса Махамбет Редактор
16.05.2025, 18:50
2784
«Мәдинаға келіп-кетіп жүретін»: марқұм әншіге Болат Назарбаев зәулім үй сыйлағаны белгілі болды архивтен

Мәдинаға 150 шаршы метрлік кең пәтерді Болат Назарбаев сыйлады дейді Майра Ілиясова.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Халық әртісі Майра Ілиясова марқұм Мәдина Ералиеваға қатысты көпшілік біле бермейтін тың деректі бөлісті. Бұл туралы ол журналист Динара Сәтжанға берген сұхбатында айтты.

Әншінің айтуынша, қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мәдина Ералиеваға кезінде 150 шаршы метрлік кең пәтерді Болат Назарбаев сыйлаған екен. Бұл жайт сол уақыттағы шоу-бизнес әлемінде де, қоғамда да көп талқыланбаған, жабық күйінде қалған дүние.

«Мәдина Ералиевамен дос болдым. Жеке өміріне де куә болдым. Оның ол кезде жолдасы болған жоқ, ажырасып кеткен еді. Біз Болат екеуін жақсы қабылдадық. Арсенді жалғыз өзі өсірді. Арсенмен менің қызым жасты болды. Менің жолдасым Мәдинаның кластасы еді. Содан жақсы араластық», – деді Майра Ілиясова.

Майра Ілиясова сұхбат барысында Болат Назарбаевқа қатысты қойылған сұраққа да ашық жауап берді. Оның сөзінше, Болат Назарбаев әнші Мәдина Ералиеваға әрдайым қолдау көрсетіп жүрген, жомарт әрі мейірімді жан болған.

«Болат Мәдинаға қамқор болды. Оның қолы көп нәрсеге жетпей, шағын пәтерде тұрып жүргенде 150 шаршы метрлік пәтер сыйлады. Оны қазақ елі білді. Болат Назарбаев өте жақсы көрді, сүйді. Қызғанатынын да естіп қалатынбыз. Мәдинаның өзі маған, «үйде уақытында болмасам, ол кісі маған ренжіп қалады» деп айтқан еді. Бірге тұрған жоқ, бірақ қамқор болып келіп-кетіп жүретін. Ол кісі Мәдинаны сыйлап, әндерін, дауысын, өнерін жақсы көретін. Әр әншінің өз тағдыры бар. Өмір ғой», – деді Майра Ілиясова.

Бектеновсіз өткен сот: Алимов заңсыз өндірілген 8,2 млн теңгені қайтарғысы келмей отыр Ердоған Түркістанда кортежін тоқтатып, тұрғындармен амандасты (ВИДЕО) Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр