Қазақ қызы тұңғыш рет Эверест шыңын бағындырды

12.05.2024, 20:37
1115
Қазақ қызы тұңғыш рет Эверест шыңын бағындырды Kazakh Everest Team

Эверест шыңына Анар Бурашева мен Мақсат Жұмаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын орнатты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, құрамында Анар Бурашева мен Мақсат Жұмаев бар «Kazakh Everest Team» қазақстандық команда әлемнің ең биік шыңы – Эверест шыңына (8 848 м) сәтті көтерілді. Бұл туралы «Kazakh Everest Team» баспасөз қызметі мәлімдеді.

Непалдың Гималайда көтерілуге маманданған және қазақстандық экспедицияның ресми жолсерігі «Seven Summit Treks» компаниясының хабарлауынша, қазақстандық команда 12 мамыр күні Непал уақытымен таңғы сағат 07:25-те Эверест шыңын бағындырды. 

Kazakh Everest Team
Фото: Kazakh Everest Team

«8 000 метрден жоғары биіктіктегі дауыл мен боран түріндегі күрделі ауа райы жағдайларына байланысты шыңды бағындыруға ниеттенген экспедициялардың көпшілігі бағытынан кері қайтты, тек бес елдің альпинистері Эверестке сәтті көтеріле алды. Олардың арасында біздің отандастарымыз бар – тарихта әлемнің ең биік шыңына шыққан тұңғыш қазақ қызы Анар Бурашева және еңбегі сіңген қазақстандық альпинист Мақсұт Жұмаев, бұл оның Эверест шыңына осымен үшінші рет шығуы», - «Kazakh Everest Team» баспасөз қызметі.

Первая девушка-казашка покорила вершину Эверест
Фото: Kazakh Everest Team

Жалпы, «Kazakh Everest Team» командасының шыңға көтерілуі бес тәулікке созылды: 7 мамырда базалық лагерьден (5 350 м.) шығудан басталып, содан кейін біздің альпинистер I Лагерь (6 100 м.) арқылы өтіп, одан кейін II Лагерьге (6 400 м.), III Лагерьге (7 100 м.) көтерілді және IV Лагерьге (8 000 м.) жеткен соң одан әрі Эверест (8 848 м.) 

тау
Фото: Kazakh Everest Team

«Бүгін, 12 сәуірде Анар мен Мақсұт IV Лагерьде (8 000 м.) күрделі көтерілуден кейін төмен түсу үшін күш-қуатын қалпына келтіріп жатыр. Альпинистердің жағдайы қанағаттанарлық, бірақ күші сарқылып, базалық лагерьге түсу үшін біраз жинақталуы керек болып тұр»,- деп атап өтті «Kazakh Everest Team». 

Осылайша Эверест шыңына Анар Бурашева мен Мақсат Жұмаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын орнатты.

Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды