947

Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталды

Тек қазақстандықтарды ғана емес, көрші елдерді де елең еткізген Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот процесі аяқталды.

Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталды
Жоғарғы сот

Судья Айжан Құлбаева Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған экс-министрге 24 жыл жаза кесті.

Сонымен экс-министр Қуандық Бишімбаев 24 жылға түрмеге қамалды. Ал оқиға орнында оның жанында болып, қылмысты жасыруға атсалысқан Бақытжан Байжанов 4 жылға сотталды.

Айта кеткен жөн, Қуандық Бишімбаевқа Қылмыстық кодекстің 99-бабы және 110-бабы бойынша айып тағылған. Бақытжан Байжанов Қылмыстық кодекстің 432-бабы бойынша айыпталып отыр.