Сәбиді терезеден лақтырып өлтірген ересек адам қамалмады

20.05.2024, 17:37
545
Сәбиді терезеден лақтырып өлтірген ересек адам қамалмады коллаж: smartnews.kz

Жындыға заң жоқ.

Кейде тіпті ақылға сыймайтын әрекетті жасайтын адамдарды көріп жағамызды ұстаймыз. Былтырғы қарашада Шымкентте жантүршігерлік оқиға болған еді. Ересек адам сәбиді үшінші қабаттың терезесінен лақтырып жіберген. Бірер күн бұрын осы қылмыстың соты аяқталды. 

Соты аяқталды дегені болмаса, сәбиді терезеден лақтырған адам қамалмады. Себебі осыны істеген ер адам ақыл-есі кем болып шыққан. Өзі сәбидің нағашысы екен. Ақыл-есі кем болғандықтан не істеп-не қойғанын білмейді, өзінің әрекетіне есеп бере алмайды. Сот сараптамаларының қорытындысымен ол психикалық дертке шалдыққан деп танылып, үкім бойынша мәжбүрлі түрде емдеуге жіберілді.

Ел-жұрттың зығырданын қайнатқан бұл оқиғаның ісі Шымкент қалалық Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Сот отырысы барысында сотталушының қылмысқа ақыл-есі кем күйінде барғаны анықталған. Ол баланың жылағанына ашуланып, терезеден лақтырып жіберген. Бұл ер адам ұзақ уақыт бойы шизофрениямен ауырады. Мемлекеттік айыптаушы сотталушыны психиатриялық емдеуден мәжбүрлі түрде өткізуді сұраған. Zakon.kz сайты Шымкенттегі сотпен байланысып, мән-жайды сұраған екен.

Әбинұр Қарабаев, Шымкент қалалық Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы:

«Судьяның қорытындылары куәгерлердің айғақтарымен, заттай дәлелдемелермен, бірнеше сот сараптамаларының қорытындысымен расталады. Мырзахановқа прокурор Қылмыстық кодекстің 99-бабының 3-бөлігінде көзделген іс-әрекетті ақыл-есі кем күйде жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан босатуды және оған мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу түріндегі медициналық сипаттағы шараларды тағайындауды және іс жүргізуді тоқтатуды сұрады. Жәбірленушілер мен қорғаушы тарап прокурордың ұстанымымен келісті».

Жантүршігерлік оқиға Шымкенттің Іляев көшесіндегі көппәтерлі үйде болған. Сотталушының диагнозын ескере отырып, сот айыпталушыны психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеуге үкім шығарды. Дәрігерлердің бақылауында қанша уақыт болатыны белгісіз, бұл оның жағдайына байланысты.

Әбинұр Қарабаев, Шымкент қалалық Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы:

«Мырзахановқа шизофрения диагнозы қойылған. Ол ұзақ уақыт бойы есепте. Бұл жерде адамның өз-өзін ұстай алмауы, яғни психикалық ауру екендігі де маңызды рөл атқарады. Баланың жылауы осындай қылмыс жасауына итермеледі. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, бізде тек есі дұрыс адамдар ғана қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Есі дұрыс емес, яғни психикалық ауытқуы бар адамдар жауапкершіліктен босатылады. Бірақ олар ұдайы бақылаудағы психиатриялық ауруханаға мәжбүрлеп емделуге жіберіледі».

Ер адам терезеден лақтырған бала отбасының көптен күткен жалғызы екен. Бала өте ауыр жағдайда облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Ол көптеген жарақатына байланысты жансақтау бөліміне жатқызылған, содан кейін балаға ота жасалған. Дәрігерлердің жұмсаған барлық күш-жігеріне қарамастан және өкінішке қарай баланы құтқару мүмкін болмаған.

Шымкентте мүгедек адамның қылмысы да тағайындалған жазасына кейде сай келмей жататын болса керек. Мысалы, өткен ақпанда еңгезердей елудегі ер адам өзі танымайтын әйелге көшеде ұрынып, оны тепкен, жұдырығымен бет-жүзіне соққы берген. Былай қарасаңыз төбе шашты тік тұрғызатын сұмдық нәрсе. Сот мұны салдары ауыр емес бұзақылыққа жатқызып, әрі үшінші топ мүгедегі екен деп бір жылға бостандығын шектеді. Яғни қамаған жоқ. Сот отырысында әлгі әйелді не үшін соққыға жықтыңыз деген сұраққа мардымды жауап бере алмаған. Қараптан қарап бейтаныс әйелді соққыға жыққанда удай мас болған екен.

Сот мәлімдемесінде түзелуі үшін жеткілікті жаза екені көрсетілген. Әлгі әйел үкіммен келіспей бас бостандығынан айыру жайлы апелляциялық шағым берген. Бірақ апелляциялық тәртіппен қайта қаралған бұл іс бойынша алғашқы сот үкімі өзгеріссіз қалдырылды.

 

 

«Келін түсірмесек, істемейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындықты бастады (ВИДЕО) «Мақпалдың бетін мен аштым»: Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділов туралы айтты «Сұлу болғандықтан қызыққан»: Меруерт Түсіпбаеваға өзінен кіші жігіт үйленуге ұсыныс жасады (ВИДЕО) «Полиция кінәлі»: Ақтөбеде оқушы қыз жарыс кезінде мұрнын сындырып алды (ВИДЕО) Астана циркінде акробат қыз бес метр биіктіктен құлап кетті (ВИДЕО) 7 жастағы бала 40 метрлік құдыққа құлап кетті «Қанды бірден сүртіп тастаған»: Мысыр әуежайында көз жұмған әйелдің жан құрбысы жағдай туралы айтып берді Ақтаулық шахматшы ел тарихындағы ең жас халықаралық гроссмейстер атанды Тазабектің тойында ән айтқан Бекболат Тілеуханға 15 жылқы, 1 түйе және 1 көлік сыйға берілді Ақтауда жүргізуші әйел бала қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен (ВИДЕО) Шымкенттегі Әуезов университетінің басшысы 256 млн теңге жымқырған Ресейде түрмеден қашқан өзбек азаматтары сотталды «Унитаздан шығып, асүйдегі пештің үстінде отыр»: Елімізде тышқандар унитаз арқылы пәтерге кіріп жатыр (ВИДЕО) Жігер Ауыпбаев әйелімен ажыраса сала бір қызға қатты ғашық болғанын айтты Журналист Мысырда қаза тапқан Ақмарал Мұқанова туралы айтып берді Джо Байденге қатерлі ісік диагнозы қойылды Каспий теңізінде жер сілкінісі болды Антикор Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізіліп жатпағанын айтты «Бір қоңыраумен-ақ соғысты тоқтатамын»: Трамп Путин мен Зеленскийге хабарласпақ Бүгін ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды