Baitursynuly university-де дрондарды бағдарламалаудың бірегей зертханасы ашылды

13.06.2024, 12:34
656
Baitursynuly university-де дрондарды бағдарламалаудың бірегей зертханасы ашылды gov.kz

Зертхана студенттері бірнеше пәндерді қатар оқи алады.

ҚӨУ студенттері жаңа оқу жылынан бастап ұшқышсыз ұшатын аппараттарды бағдарламалау және басқару, жиналған деректерді өңдеу және «ұшатын робототехниканың» басқа да қыр-сырын меңгеретін болады.

Соның ішінде дронды бағдарламалау, цифрлық схематехника, компьютерлік көру, ұшқышсыз ұшақтарға арналған жасанды интеллект сияқты тақырыптар аясында пәндерді меңгереді.

«Зертхананың білім беру ғана емес, ғылыми-зерттеу қызметі де бар, бұл бағыт қазіргі таңда сұранысқа ие. Дрондар ауыл шаруашылығында, машина жасауда, логистикада қолданылады. Ректор білім беру үрдісінен хабардар болғандықтан, біздің идеямызды қолдап, құрал-жабдықтарға қаражат бөлді», - деді Baitursynuly University бағдарламалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Ольга Салыкова.

Студенттер қыркүйек айында дронды басқару алгоритмдерін әзірлеуге кіріседі. Дегенмен қызығушылық танытқандар зертханамен танысып үлгерді. Демалыс болса да, шәкірттер университетке барып, ынтамен дрондарды құрастырып жатыр.

«Кейбір құралдар бізге бұрыннан таныс, бірақ жаңалары да көп. Ұшқышсыз ұшатын аппараттарды құрастыру және бағдарламалау қызықты ғана емес, ол болашақ үшін де өте маңызды», - дейді «Ақпараттық технологиялар және роботты техника» білім беру бағдарламасының 4 курс студенті Виктор Шмаков.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады