Ғалымдар медицина саласында жаңа ғылыми шешімдерді ұсынды

13.06.2024, 12:51
723
Ғалымдар медицина саласында жаңа ғылыми шешімдерді ұсынды gov.kz

ҚР ҒЖБМ Ғылым қоры «MedTech Technology commercialization reactor» ғылым мен бизнеске арналған диалог алаңы аясында медицина және фармацевтика салаларындағы жаңа жобалардың тұсаукесерін ұйымдастырды.

Кездесуде ғалымдар медицина және фармацевтика саласындағы әлеуетті іскер серіктестер мен инвесторлар алдында сөз сөйлеп, құны 350 млн теңгеге дейінгі гранттық байқауға қатысу үшін мәмілелер жасасу мақсатында ғылыми әзірлемелерінің коммерциялық құндылығын баяндады.

Ұсынылған жобалардың ішінде емдеу-профилактикалық көмектің медициналық технологиялары, дәрі-дәрмектер, медициналық техника және әртүрлі терапия мен оңалту технологиялары, сондай-ақ, емдік-косметикалық өнімдер (проксимальды иық сүйегінің сынықтарын емдеу, инновациялық стоматологиялық тұтқа, бактерияға қарсы гидрогельді пластырлар және т.б.) өндіруді ұйымдастыру саласындағы әзірлемелер бар.

Аталған жобалардың бірінің жетекшісі медицина ғылымдарының докторы, профессор «Семей медицина университеті» «Госпитальды хирургия» кафедрасының меңгерушісі Мейірбек Аймағамбетов: «Біз дәстүрлі және хирургиялық операцияға арналған жаңа дизайндағы әмбебап құрылғыларды таныстырдық. Клиникалық тәжірибеге сәтті енгізілген және хирургиялық емдеуде қолданылған екі прототип әзірленді. Біздің әзірлемелер еуразиялық патенттерге ие болды. Біз зерттеулерімізді кеңейту үшін қосымша қаржы іздейміз және бизнес пен инвесторлардан қолдау аламыз деп үміттенеміз», - деп атап өтті.

Сондай-ақ коммерциаландыру реакторы аясында иық сүйегінің проксимальды сынықтарын остеосинтезге арналған бекіту құрылғысы ұсынылды. Жоба жетекшісі «Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі» Қазақстандық медицина университетінің докторанты, ортопед-травматолог Жасұлан Арғынбаевтың айтуынша, нарықта мұндай құрылғылар жоқ. «Біздің өнім міндетті медициналық сақтандыру және медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында қолжетімді. Біз осы әзірлемелерге екі патент алғанымызды мақтан тұтамыз. Ал болашақта біз ҒжҒТЗН коммерциаландыру жобаларын гранттық қаржыландыру конкурсына қатысуды жоспарлап отырмыз», - деді ол.

Жобалар «QazBioPharm» ұлттық холдингі, «СК-Фармация», «Астана» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы, Ұлттық денсаулық сақтау палатасы, Астана қаласының кәсіпкерлер палатасы, Ұлттық биотехнология орталығы сияқты ұйымдар өкілдерінің қызығушылығын тудырды.

Коммерциаландыру реакторы медицина саласындағы инновациялық шешімдер мен технологияларды іздеуде ғылыми қоғамдастық пен бизнестің өзара әрекеттесуінің маңыздылығын көрсетті.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады