Жерімізді күшпен тартып аламыз деген жерлестеріміз сотталды

16.06.2024, 12:27
875
Жерімізді күшпен тартып аламыз деген жерлестеріміз сотталды KAZ PATRIOT

Сепаратистер сергек отыр. Олар әр жерден арагідік құлағын қылтитып тұрады. Әсіресе соңғы жылдары ондай адамдардың қатары көбейген. Ал сепаратистерге қарсы заң жұмыс істейді. Сондықтан талайы қамалып та жатыр. Бірақ сепаратизмнің өзегі мықтылығы соншалық, заңға пысқырып та қарамай бой көрсетуін тоқтатар емес.

Қазақтың жерін күшпен басып аламыз деп дандайсыған сол қазақ жерінің екі тұрғыны сотталды. Өскеменнің №2 соты жарияланымдар мен пікірлер арқылы ұлттық және әлеуметтік араздық қоздырған Шығыс Қазақстан облысының екі тұрғынының әрбірін бес жылдан түрмеге жабу туралы үкім шығарды. Бұл туралы облыстық прокуратура хабарлады.

Тергеу анықтағандай, 2024 жылдың ақпан айында екі өскемендік Шығыс Қазақстан облысын Қазақстаннан бөліп алу туралы референдум өткізуге бағытталған мәлімдеме жасау үшін интернет-ресурсының чат-рулетка желісін пайдаланған. Олар референдум сәтсіз аяқталса, облысты тұтасымен күшпен басып аламыз деп кеуде қаққан, адамдарды осындай әрекетке үндеген.

Сотта әлгілер өз кінәларын мойындаған, бұл істеріне өкінетіндерін білдірген. Мемлекеттік айыптаушы олардың әрбірін 5 жылдан бас бостандығынан айыру жазасын беруді талап етті. Сот бұл өтінішті қолдап, екеуін 5 жылдан бас бостандықтарынан айырды.

Мұндай жағдай бұған дейін де талай рет қайталанған. Сепаратистер бұрындары көбіне халықтан кешірім сұрап жауапкершіліктен құтылып кетуші еді. Ал қазіргі таңда заң күшейген, құр кешірім сұраумен құтыла алмайды. Заңның күшейтілгенінің өзіне он жылға таяп қалды. Демек сепаратистік көңіл-күй тәуелсіздік жылдарының барлық кезеңіне тән нәрсе болып келеді. Тіпті мұндай ұстанымдағы адамдар сонау кеңес заманының өзінде де болды. Ал геосаяси жағдай ушығып кеткен соңғы жылдары қазақтың жер-суын талан-тараж еткісі келетін сепаратистердің қарасы көбейді. Олар ашық түрде жерімізді күшпен, қолға қару ұстап тартып аламыз деуге көшті. Бірі сотталып жатса, артынша екіншісі бой көрсететін болды.

Қылмыстық кодекс жобасы бойынша Қазақстанның аумақтық тұтастығын заңсыз өзгертуге шақыру әрекеті үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады. Заңның тілімен айтсақ, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығын заңсыз, конституциялық емес өзгертуге шақыру қылмыстық жолмен жазаланатын әрекет болып саналады.

Сепаратизм ауыр қылмысқа жатады және ондай әрекет үшін ең жоғарғы жаза - жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылады. Ал егер мұндай әрекетті қызмет бабын пайдаланып жасайтын болса, қызметтегі адам 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бір ескеретін жайт – интернет бұқаралық ақпарат құралдарына теңестірілген. Сондықтан заң желідегі сепаратистік үгіт материалдарына және бұқаралық үндеулерге қатысты да қатаң түрде  қолданылады.

Ел ішінде сепаратизмді айыптаушы, соған қарсы үндеу тастаушы адамдар да баршылық. Мысалы өткен айда қазақстандық Андрей Моренко деген блогер ресейлік «чат-рулетканы» пайдаланушыларға үндеу жолдады. Олардан жергілікті ұлтпен араға от салмауды талап етті.

Блогер сепаратистерге қарата былай деді: «Сендер үйлеріңде отырып алып, ауызға келгенді айтасыңдар! Егер Қазақстанда, қазақтар ұнамаса, ешкім сендерді ұстап отырған жоқ! Қазір басқа елге қоныс аударуға қатысты түрлі бағдарламалар бар, өтініш бер де, қалаған еліңе көшіп кет! Сендердің кесірлеріңнен қырғыздар, өзбектер, қазақтар, тәжіктер, түріктер, тағы да басқа ұлттар орыстарға қырын қарайтын болды! Әйтпесе ғұмыр бойы бейбітшілікте тұрып келдік, балабақшаға, мектепке бірге бардық, бәрі жақсы болатын. Сендердің сандырақтарыңнан бізге деген көзқарас өзгеріп жатыр. Егер ештеңе ұнамаса, жоғалыңдар!».

Міне, өзі ұлты орыс блогеріміз қазақстандық өзге ұлты орыс сепаратистерге осылай деп азуын көрсетті.  

Елде «Қазақстанды Ресейге қосу керек» деген пиғылдағы адамдар әлеуметтік желіде жиі кездесіп, кейін сот алдында жауап беріп жататынына құлақ та, көз де үйренді. Мәселен, былтыр Жезқазған тұрғыны «чат-рулеткада» Қазақстан аумағын Ресейге беруді ұсынған. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрығына түсті. Батыс Қазақстан облысы Теректі ауылының 35 жастағы тұрғыны Максим Яковченко «Оралды және Қазақстанның тағы бірнеше қаласын Ресейге беру керек» деп аузынан көбігі шашврап сөйледі. Полиция оны бірден тауып, сепаратизм мен ұлтаралық алауыздықты қоздырды деген айыппен ұстаған еді. Кейін ол Ресейге қашып кеткен. Ал Петропавлда былтыр үлкен резонансқа айналған сепаратизм ісі бойынша айыпталған "Халық жұмысшылар кеңесін" құрушылар сотталды. Былтыр жыл соңында Шығыс Қазақстан облысының Алтай аудандық сотында 43 жастағы әйел сотталды. Ол әлеуметтік желілерде Шығыс Қазақстан облысының ақыр  түбінде Ресейге қосылатынын жазып, істі болды.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды