Ресейде түрмелердің кейбірі жойылып жатыр

17.06.2024, 12:03
580
Ресейде түрмелердің кейбірі жойылып жатыр коллаж: smartnews.kz

Бұл жайлы «Настоящее время» телернасында айтылды.

2022 жылы ақпанда Украинаға басып кірмес бұрын Ресей түрмелерінде 465 мың адам болған. Осы күні ондағы түрмелердің саны 266 мыңға дейін азайған. Жазаларды өтеу федералды қызметі мәліметтері бойынша, 2023 жылдың 1 қаңтарында олардың саны 433 мың болған. 2023 жылдың қазан айында Ресей Әділет министрінің орынбасары Всеволод Вуколов Ресей колонияларында 266 мың адам барын айтты. Ал бұл соғысқа дейінгі көрсеткіштен 200 мың адамға аз. 2023-2024 жылдары Свердловск және Нижний Новгород облыстарында, Красноярск өлкесінде және Коми Республикасында түрмелер жабылған. Ресей билігі қазіргі уақытта түрмелер мен жаза өтеушілердің санын жарияламайтын болған. 

Ресей түрмелерінің жабылып, жаза өтеушілердің саны қысқарғаның себебі белгілі. Бірінші себеп – соғыс. Яғни ол жақта Ресей түрмелерінен соғысқа адам алу қалыпты тәжірибеге айналды. Биліктің пәрменімен түрмеде жаза өтеушілердің соғысқа салу алдымен «Вагнер» жекеменшік әскери компаниясының күшімен және мемлекет бюджетінен жүзеге асырылды. Одан кейін бұл жұмыс Қорғаныс министрлігінің құзыретіне өтті. Екі жылдан астам уақытта жүздеген мың жаза өтеуші соғысқа қатысты. Оның қаншасы өліп, қаншасы жарақат алғанының және қаншасының тірі қалғанының нақты есебі жарияланбаған. Қысқасы, түрмелердің саны осы соғыстың себебінен қысқарды және жаза өтеушілердің көрсеткіші азайды.

Реті келіп тұрғандықтан біздің еліміздегі түрмелер мәселесін де әңгімемізге арқау етеміз. Бізде де түрмелер қысқарып, жаза өтеушілер азайып жатыр. Бірақ біздегі жағдай ешқандай соғысқа байланысты емес, азаю үрдісі өзінен-өзі болып жатыр. Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің 2016 жылғы мәлімдемесінде:

«Сотталушылар санының айтарлықтай кемуіне байланысты Үкімет қаулысымен Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің алты мекемесі таратылды» – былай делінген еді. 

Таратылған түрмелердің екеуі Шығыс Қазақстан облысында және Ақтөбе, Атырау, Қарағанды және Маңғыстау облыстарында бір-бірден. Бұл түзеу мекемелері мен түрмелердің таратылуына нысандардың тозығы жетіп, ары қарай пайдалануға жарамайтыны және сотталғандардың азая бастағаны себеп болған еді. 

Ал 2021 жылғы дерек бойынша елімізде 80 қылмыстық-атқару жүйесі мекемесі бар, оның 16-сы – тергеу изоляторлары, 6-ы – әйелдер мен қыздарға арналған түрмелер, 1-і кәмелетке толмаған ер балаларға арналған, 18-і – қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелер, яғни қатаң режим, 5-і – төтенше қауіпсіз мекемелер, яғни аса қатаң режим.  Мұнда барлығы 33 мың сотталған және сотқа дейінгі тергеуде отырған. Тәуелсіздік жылдарындағы бастапқы кезеңмен салыстырғанда осы күні  түрме саны қысқарды. Мысалы, 2014 жылдан бері қылмыстық-атқару жүйесінде 14 мекеме таратылыпты. Сондай-ақ техникалық талаптарға сай келмеуі себебінен 2019 жылы азып-тозған 4 түрме, ал былтыр тағы 2 түрме жабылған. Тәуелсіздік жылдары 2021 жылға дейінгі кезеңде елімізде түрлі атаулы даталарға байланысты сегіз рет рақымшылық жасалды. Соның өзі де жаза өтеушілердің саны азаюына септік жасады.

Түрмелер әр түрлі. Мысалы, ең сұрапыл деген түрме ЕЦ-166/5 деп аталады. Мұнда өте ұзақ мерзімге кесілгендер жаза өтейді. 20-30 жылға бас бостандығынан айырылғандар осы жерге тоғытылады. Бұл – ерекше режимдегі түрме. Мұндағылардың көбісі бірнеше рет сотталғандар мен аса ауыр қылмыс жасағандар. Жаза өтеушілер бұл түрмеде 2019 жылы 588, 2020 жылы 593, ал 2021 жылы 721 адам болды. Жылдан жылға артқанын көріп отырмыз. 1957 жылы салынған бұл түрме нысаны тозығы жеткен әрі 800 адамға арналған. Енді бірер жылда ұзақ мерзімге сотталғандар бұл жерге сыймай қалады. Жаза өтеушілер 25 пен 65 жас аралығындағы қылмыскерлер. Ішінде аса ауыр қылмыс жасап 29 жылға кесілген адамдар да бар. Түрмені 125 сарбаздан тұратын әскери рота күзетеді. Қылмыстық атқару саласының 71 қызметкері жұмыс істейді. 2021 жылы түрменің 101 жерінде бейнекамера болған. Орнатылған бейнекамера саны осы күні 900-ге жеткен көрінеді. Біздегі түрмелердің жалпы сипаттамасы осыған ұқсас.

Жаза өтеушілердің азаюына себеп болған тағы бір фактор – заңды ізгілендіру бастамасы. Біраз жыл бұрын елімізде заңды ізгілендіру бастау алып, көптеген қылмыс түрлері үшін жаза түрі өзгерді. Бас бостандығын шектеу, шартты жаза тағайындау, айыппұл салу, жаза өтеуден мерзімінен шартты түрде босату, рақымшылыққа іліктіру сынды жеңілдіктер кеңінен тәжірибеге еніп жатты.

Instagram-дағы жанжалдан кейін жасөспірімді өлімші етіп ұрып, өлтіріп кеткен Әскери-техникалық мектепке – 25 жыл «Бас сүйек-ми жарақаттанған»: Ақтауда қауіпті ойыннан кейін оқушы ауыр жарақат алды Астанада дұрыс тамақтану тақырыбында отбасылық аспаздық мереке өтті Әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі күйеуінің 8 ай алимент төлемегенін айтты Блогерлердің жарнамасына сенген ата-аналар алданып қалған (ВИДЕО) Қордайда 15 жастағы қызды өз әкесі мен кіндік әке-шешесі зорлаған (ВИДЕО) BI Group басшысы сүттің кесірінен дертке шалдыққанын айтты «Албасты деді»: Меруерт Түсіпбаева халық әртісі Майра Ілиясовадан кешірім сұрады Оралда жазасын өтеуші түрме ауласында жалаңаш жүрген (ВИДЕО) «17-қабаттан лақтырамын деп қорқытты»: Ақтауда ер адам әйелін сағаттар бойы азаптаған Трамп пен Путин 2 сағат бойы не туралы сөйлесті? АҚШ келесі келіссөз соңғы деп сендірді «Мына қыз сенің кәрі шешеңді бағады»: Бейсен Құранбектің жары алғаш рет сұхбат берді (ВИДЕО) «Қамауға алды»: Стэнд-ап комик Нұрлан Сабыров Ресейден шығарылмақ (ВИДЕО) Түркістандағы мектеп формаларын тігетін фабриканы қытайлық компания ашатын болды «262 500 теңге»: Күзде стипендия өседі Әскери борышты өтеу ешқашан кеш емес: Астаналық ұландықшеру кезінде жасаған әсерлі қылығымен желіде жұлдызға айналды Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Келін түсірмесек, істемейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындықты бастады (ВИДЕО) «Мақпалдың бетін мен аштым»: Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділов туралы айтты