Сүт саласын субсидиялау тетіктерін қайта қарау керек — депутат

24.06.2024, 13:32
1409
Сүт саласын субсидиялау тетіктерін қайта қарау керек — депутат Виктор Федюнин / Kazinform

Сүт өнімдері импортының артуы қаупі бар.

Бұл туралы Парламент Мәжілісінде мал шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу тақырыбына арналған Үкімет сағатында депутат Серік Егізбаев айтты.

«Сапалы сүт шикізатының жетіспеуі және қайта өңдеу кәсіпорындарына жыл бойы біркелкі түспеуі мәселесі бар. Жеке шаруалықтардан алынғанына байланысты, әкелінетін шикізаттың 70 пайызға жуығының сапасы төмен. Жалпы, дәнді және майлы дақылдарды қоспағанда, ауыл шаруашылығы өнімдерін, оның ішінде ет пен сүт өндірудің барлық көлемінде 85-90 пайызы шағын шаруашылық және жеке қосалқы шаруашылық үлесіне тиесілі. Келесі жылдың басынан бастап Кеден одағының техникалық регламентінде көзделген сүт шикізатына қойылатын жаңа талаптар күшіне енген кезде, бұл проблема күшейе түседі. Машинамен сауылмаған, салқындатқыш танкерлерсіз, сапа және қауіпсіздік зертханаларынсыз дайындалған сүтті экспортқа қабылдауға тыйым салынады. Уәкілетті органдардың осы мәселені шешудің әлі де нақты көзқарасы мен іс-қимыл жоспары жоқ. Нәтижесінде, сарапшылардың болжамы бойынша сүт өнімдерінің импорты бүгінгі 40 пайыздан 80-90 пайызға дейін өсуі ықтимал», — деді С. Егізбаев.

Оның айтуынша, бұл ретте отандық өндірушілерге импорттық құрғақ сүт құнының төмен болуына байланысты осы сүт түрін сату тиімдірек болады. Жергілікті зауыттар құрғақ сүтке деген қажеттілікті тек 15 пайызға ғана жабады, тиісінше жергілікті өндірілген сүт-шикізаты сұранысқа ие болмай қалды. 

«Белгіленген проблемаларды шешу үшін шағын сүт өндірушілерді кооперацияға бірігіуді ынталандыру бойынша пәрменді шаралар әзірлеу қажет. Терең өңделген өнімдер шығару үшін жеке шаруалықтардың сүт-шикізатынан құрғақ сүт өндіру мәселесін қарастырып, сүт өңдеуші кәсіпорындар үшін оның құнын субсидиялау мәселесін қарастырған жөн», — деді депутат.

Оның пайымынша, инвестициялық субсидиялау қағидаларына құрғақ сүт өндіру бойынша жобаның жеке паспортын енгізу мәселесін шешу керек. Бұдан басқа, сүтті терең өңдеуді ынталандыруға баса назар аудара отырып, сүт саласын субсидиялау тетіктерін қайта қарау ұсынылды.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды