«Өкпесі қара қазандай»: Илон Маск Трамптың жаңа заң жобасын «жиіркенішті» деп атады

04.06.2025, 14:30
6397
«Өкпесі қара қазандай»: Илон Маск Трамптың жаңа заң жобасын «жиіркенішті» деп атады The AP / Evan Vucci

Илон Маск Ақ үйден кеткен еді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ президенті Дональд Трамптың сенат қарауындағы салық және бюджет жөніндегі заң жобасы Илон Масктың қатаң сынына ұшырады.

Tesla және SpaceX компанияларының негізін қалаушы, Трамптың сайлауалды науқанын қолдаған миллиардер заңды "отвратительная мерзость" деп сипаттап, бұрынғы саяси серіктесін ашық сынға алды.

Бұл Масктың Трамп әкімшілігіндегі рөлінен бас тартқаннан кейінгі алғашқы өткір мәлімдемесі. Ол былтыр үкіметтің тиімділігін арттыру жөніндегі "арнайы кеңесші" ретінде Ақ үйге шақырылған болатын. Алайда өткен аптада миллиардер өз еркімен қызметтен кетті, ал басты себеп – бюджеттік саясатқа келіспеушілік.

Илон Маск сын пікірлерін өзінің X әлеуметтік желісіндегі жазбасында білдірді. Ол Трамп ұсынып отырған заң жобасын "сайлаушыларды сатып алуға арналған популистік әрекет" деп бағалады.

"Бұл заң жобасы АҚШ-тың бюджет тапшылығын 2,5 триллион долларға дейін ұлғайтады. Америкалықтарды қарыз қамытына матайды", – деп жазды Маск.

"Оны қолдағандардың бәріне – ұят! Сендер оның дұрыс еместігін білесіңдер", – деп қосты ол.

Заң жобасы 2017 жылы Трамп тұсында енгізілген салық жеңілдіктерінің мерзімін ұзартуды көздейді. Сонымен қатар, жаңа жеңілдіктер мен шығындарды қарастырады, олардың қатарында шекара күзетін күшейту, мигранттарды депортациялау және ұлттық қауіпсіздікке жұмсалатын қаржыны арттыру бар.

Алайда, шығындарды жабу мақсатында заң жобасы бірқатар әлеуметтік бағдарламаларды қысқартуды ұсынады. Атап айтқанда, аз қамтылғандар үшін Medicaid медициналық сақтандыруына бөлінетін қаржы азайтылып, электромобиль саласына берілетін субсидиялар қысқарады. Бұл Tesla-ға тікелей әсер етуі мүмкін.

Дональд Трамп аталмыш бастаманы "Big Beautiful Bill" (Үлкен әрі әдемі заң) деп атаған. Ал тәуелсіз сарапшылар бұл құжат келесі онжылдықта АҚШ бюджетіне 2-4 триллион доллар көлемінде қосымша тапшылық алып келуі мүмкін екенін ескертуде.

Бюджеттің төменгі палатада қабылдануы бір ғана дауыс айырмашылығымен жүзеге асқан. Енді Сенат та, республикалық партияның бақылауында тұрғанымен, жобаның кей бөлімдерін қайта қарауы мүмкін.

Маск бұған дейін Трамптың технологиялық серіктесі ретінде аталып, жасанды интеллект, цифрлық үкімет және киберқауіпсіздік мәселелері бойынша Ақ үймен тығыз жұмыс істеген. Енді ол саясаттан толығымен кетіп, тек бизнесіне назар аударатынын мәлімдеді.

Осылайша, Трамптың ең ықпалды одақтастарының бірі енді оның ең басты сыншыларының біріне айналып отыр.

Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды Сахнадан көрінбей кеткен Данэлия Төлешова Қытайды дүр сілкіндірді (ВИДЕО) «Хезболла» Хаменейге қастандық жасалса, «ешкімді аямайтынын» айтты Ақтауда шетелдік дәрігерлер үш балаға күрделі ота жасады Маңғыстауда белгісіз ұшатын аппарат табылды Павлодардағы жойқын дауыл: 10-нан астам тұрғын жарақат алып, бір адам қаза болды Иранның БҰҰ-дағы өкілі: «Еуропа Израильді айыптап, қолдауын тоқтатуы тиіс» Сенсация! Қазақстандық теннисші Әлемнің бірінші ракеткасын ойсырата жеңді Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады «Судья тіке қарай алмады»: Шымкентте сотты «дуалады» деген балгер тергеліп жатыр «Бір сәтте мені қаралап, үміт үздірді»: Қаржаубай Айтбек Амангелдімен не үшін байланыс үзгенін айтты Алматыда жындыханадан қашқан ер адам іздестіріліп жатыр Трамп Иранға соққы беруді мақұлдады Талдықорған тұрғынының үйінен екі басты жылан табылды Атырау тұрғындары тұрмысы төмен жандар үшін далаға тоңазытқыш орнатты «Желідегі парақшалары тексеріледі»: Гарвард қазақ студенттерін оқытуды жалғастырады Ақтөбе облысында қоқыс шұңқырына құлаған 9 жасар қыз бен ер адам қайтыс болды