Алматыдағы психдиспансерден екі адам қашып кетті

04.06.2025, 16:52
3942
Алматыдағы психдиспансерден екі адам қашып кетті Lider.kz

Екі науқас әлі іздестіріліп жатыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы қаласында психиатриялық ауруханадан екі науқас қашып кетті. Бұл туралы бірнеше күн бұрын Lider.kz сайтының еріктілері Instagram парақшасында хабарлаған болатын.

Іздеу бойынша ақпаратқа қарағанда, оқиға 31 мамыр күні кешкі уақытта Әбіш Кекілбайұлы көшесіндегі (бұрынғы Қаблуков көшесі) психикалық денсаулық орталығында болған. Қашып кеткендердің бірі 32 жастағы, екіншісі 33 жастағы азаматтар.

Бірінші адамның сыртқы келбеті: орта бойлы, шашы қара, көзі қоңыр, білегінде тыртық бар. Бойы шамамен 157 сантиметр. Сол күні үстінде қара футболка, қара шорты және аяғында сүйретпе тәпішке болған.

Екінші адамның сипаттамасы: орта бойлы, шашы күңгірт сары түсті, көздері қоңыр, сол көзінің жанында мең бар. Оның үстінде ақ футболка, қара шорты, аяғына ашық түсті сүйретпе киген.

Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі берген мәлімдемесінде, оқиға бойынша іздеу жұмыстары басталғанын және екі азаматтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында барлық шаралар қолданылып жатқанын хабарлады.

Қоғамнан бұл екі азаматты көргендер болса, дереу полицияға хабарласулары сұралады.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды