Газадағы көмек пунктіне шабуыл: 27 палестиналық көз жұмды, ондаған адам жараланды

04.06.2025, 09:13
4033
Газадағы көмек пунктіне шабуыл: 27 палестиналық көз жұмды, ондаған адам жараланды AP Photo / Abdel Kareem Hana

Жараланған 184 адам Рафахтағы далалық ауруханаға жеткізілген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Израиль әскері Рафах қаласындағы гуманитарлық көмек тарату пункті маңында оқ жаудырып, кемінде 27 палестиналық қаза тапты. Тағы ондаған адам жарақат алды. Бұл туралы Газа секторының денсаулық сақтау органдары мәлімдеді.

Оқиға сейсенбі күні, азық-түлік таратылып жатқан сәтте болған. Бұл — гуманитарлық көмек кезіндегі адам шығынымен аяқталған үшінші ірі оқиға. Израиль әскері бастапқыда «бағытынан адасқан күдіктілерді» байқағанын айтып, алдымен ескерту оғы атылғанын алға тартты. Қазір оқиғаға байланысты тергеу жүріп жатыр.

Қызыл Крест комитетінің мәліметінше, жараланған 184 адам Рафахтағы далалық ауруханаға жеткізілген. Олардың 19-ы келген бетте көз жұмған, тағы 8 адам кейін қайтыс болды. Қазіргі таңда 35-тен аса науқасқа шұғыл ота қажет.

Апат АҚШ қолдайтын GHAFF (Газа гуманитарлық көмек қоры) аясында көмек көрсетуді кеңейту бастамасы жүріп жатқан тұста тіркеліп отыр. Израиль қолдайтын гуманитарлық ұйым сейсенбіде 21 көлік азық-түлік жеткізілгенін хабарлап, «операция қауіпсіз өтті» деп мәлімдеген.

Алайда кейінгі күндері дәл осындай көмек көрсету орындарында адам өлімі жиілеп кетті. Жексенбі күні — 31, дүйсенбіде тағы 3 адам қаза тапқан. Израиль тарапы бейбіт тұрғындарға шабуыл жасалғанын жоққа шығарып, кей мәліметтерді ХАМАС тарапы «жалған» деп атады.

Израиль билігі дүйсенбі күні Хан Юнис аймағындағы тұрғындарға эвакуация туралы жаңа бұйрық шығарды. Тұрғындардан әл-Маваси аталатын «гуманитарлық аймаққа» көшу сұралды. Алайда БҰҰ мен Палестина өкілдері Газа секторында қауіпсіз аймақ қалмағанын мәлімдеді. 2,3 миллион халықтың дені ел ішінде орын ауыстыруға мәжбүр болған.

Газа денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, эвакуацияның жалғасуы оңтүстіктегі ең ірі Насер ауруханасының жабылуына әкелуі мүмкін.

Израильдің Газа секторындағы әскери операциясы 2023 жылғы 7 қазанда басталды. Ол күні ХАМАС шабуылы кезінде Израильдің дерегі бойынша 1200 адам қаза тауып, 251 адам кепілге алынған. Ал палестиналық билік Израиль шабуылынан бері 54 мыңнан астам адам опат болғанын хабарлайды.

БҰҰ Газа секторын «жер бетіндегі ең аштық жайлаған аймақ» деп сипаттап отыр.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды