4699

Алматыда сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Жаңа туған сәбилерді сатумен айналысып келген.

Алматыда сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда жаңа туған нәрестелерді сатып келген қылмыстық топ әшкереленді. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті хабарлады.

Қылмыстық топ бірнеше жыл бойы әлеуметтік осал топтағы аналардан, соның ішінде шетел азаматтарынан туған сәбилерді заңсыз жолмен алып, саудалап келген.

ҰҚК мен Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бірлесіп жүргізген жедел операция кезінде жаңа туған ұл баланы сату әрекеті тоқтатылып, күдіктілер қылмыс үстінде ұсталды.

Сәби тиісті мекемеге орналастырылды, ал күдіктілер қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалды.

Қазір тергеу амалдары жалғасып жатыр, басқа өңірлерде де осындай фактілердің болуы мүмкін екені тексерілуде.

Материал авторы