5837

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев 11 жыл 6 айға сотталды

2019 жылы Атамбаевты ұстау операциясын жүргізген еді.

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев 11 жыл 6 айға сотталды
sputnik.kg

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Бішкектің Первомай аудандық соты Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевты 2019 жылғы Қой-Таш оқиғасына байланысты 11 жыл 6 айға бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркілеу және мемлекеттік наградаларынан айыру туралы сырттай үкім шығарды.

Іс бойынша тағы бірнеше бұрынғы шенеунік пен депутаттар да түрлі жазаға тартылды:

Равшан Жээнбеков, Фарид Ниязов – 7 жыл 8 ай (сот залында қамауға алынды);

Ирина Карамушкина – 7 жыл 6 ай (қамауға алынды);

Фархад Баабиев – 5 жыл 6 ай;

Қанат Сағымбаев, Құндыз Жолдубаева және басқалар – 5 жыл шартты жаза (пробациялық бақылау);

Әсел Кодуранова, Амангелді Какебаев және басқалар – 3 жыл шартты жаза;

Асқарбек Шадиев – 15 жыл 6 айға сотталып, мүлкі тәркіленді, мемлекеттік қызмет атқаруға 3 жыл тыйым салынды.

Сот Атамбаев пен Шадиевті мемлекетке әрқайсысы 5,4 млрд сом көлемінде өтемақы төлеуге міндеттеді.

Еске сала кетейік, 2019 жылдың 7 тамызында Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнайы жасағы экс-президент Атамбаевты ұстау операциясын жүргізген. Алайда ол қарсылық көрсетіп, жақтастары арнайы жасаққа төтеп берген. Артынша қақтығыс болып, адам шығынына әкеп соққан.

Материал авторы