Күйеуінің қолынан қаза тапқан марқұм әйелді мазақ еткен блогер жазаланды

04.06.2025, 16:15
7354
Күйеуінің қолынан қаза тапқан марқұм әйелді мазақ еткен блогер жазаланды бейнежазбадан

Келіншекті 20 жылдық түлектер кешін тойлауға қатысқаны үшін күйеуі азаптап өлтірген еді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Бішкекте блогер қатыгездікпен жазылған пост үшін жауапқа тартылды.

Қырғызстанның Ош облысында 38 жастағы әйелдің күйеуі тарапынан өлтірілуі қоғамда үлкен резонанс тудырған еді. Осы оқиғаға қатысты блогер Айбек Уланов әлеуметтік желілерде қайғылы жағдайды әдейі қорлайтын, әйелдің абыройына нұқсан келтіретін жазба жариялаған. Бұл әрекет көпшілік арасында қатты сынға ұшырап, оның жауапқа тартылуын талап етті.

Оқиға 26 мамырда Ош облысының Қара-Көлджи ауданында орын алған. Әйел күйеуімен бірге мектептегі 20 жылдық түлектер кездесуіне қатысқан. Алайда, күйеуінің қызғанышы өршіп, ол әйелін ұрып-соғып, кейін қарудан атып өлтірген. Қылмысқа қатысты 40 жастағы күдікті ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі кезде тергеу жұмыстары жалғасуда.

Бұл оқиға қоғамдық пікірде қызу талқыланып жатқан кезде, Айбек Уланов Threads әлеуметтік желісінде мынадай жазба жариялаған:

«Егер сіздің әйеліңіз мектеп түлектерінің 20 жылдығында бұрынғы сыныптастарымен жыныстық қатынасқа түскенін білсеңіз, қалай жауап берер едіңіз?»

Бұл жазба қоғамдастығының ашуын туғызды. Қырғызстандықтар блогердің әрекетін қатты сынап, оған заң алдында жауап беруін талап етті. Нәтижесінде, Бішкек қаласының ішкі істер департаменті қызметкерлері Улановты жеткізіп, оған қатысты іс қозғалды.

Полиция таратып жатқан видеоның өзінде блогер өз ісін мойындап, қырғызстандықтардан, әсіресе әйелдерден және құрбанының отбасы мен жақындарынан кешірім сұрады:

«Мен Бішкек қаласының ІІД-де тұрмын. Бүгінгі ойланбаған қадамым үшін кешірім сұраймын. Әлеуметтік желідегі жазбам адам қадір-қасиетіне нұқсан келтірді. Бұл мәлімдеме марқұм әйелдің абыройына және оның отбасының намысына ауыр соққы болды. Өз қателігімді толық мойындаймын және Қырғызстан заңдары бойынша толық жауапкершілікке дайынмын», – деді Айбек Уланов.

Бұл оқиға қоғамдағы әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық пен құқық бұзушылық мәселесін тағы бір мәрте қызу талқылауға шығарды. Әлеуметтік желілердегі жауапкершілік пен этика жайлы да пікірлер көп.

Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды Сахнадан көрінбей кеткен Данэлия Төлешова Қытайды дүр сілкіндірді (ВИДЕО) «Хезболла» Хаменейге қастандық жасалса, «ешкімді аямайтынын» айтты Ақтауда шетелдік дәрігерлер үш балаға күрделі ота жасады Маңғыстауда белгісіз ұшатын аппарат табылды Павлодардағы жойқын дауыл: 10-нан астам тұрғын жарақат алып, бір адам қаза болды Иранның БҰҰ-дағы өкілі: «Еуропа Израильді айыптап, қолдауын тоқтатуы тиіс» Сенсация! Қазақстандық теннисші Әлемнің бірінші ракеткасын ойсырата жеңді Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады «Судья тіке қарай алмады»: Шымкентте сотты «дуалады» деген балгер тергеліп жатыр «Бір сәтте мені қаралап, үміт үздірді»: Қаржаубай Айтбек Амангелдімен не үшін байланыс үзгенін айтты Алматыда жындыханадан қашқан ер адам іздестіріліп жатыр Трамп Иранға соққы беруді мақұлдады Талдықорған тұрғынының үйінен екі басты жылан табылды Атырау тұрғындары тұрмысы төмен жандар үшін далаға тоңазытқыш орнатты «Желідегі парақшалары тексеріледі»: Гарвард қазақ студенттерін оқытуды жалғастырады Ақтөбе облысында қоқыс шұңқырына құлаған 9 жасар қыз бен ер адам қайтыс болды