SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, екі жақ онкология саласындағы ұзақ мерзімді әріптестікті нығайтуды көздеп отыр. Құжатқа Ұлттық ғылыми онкология орталығы Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Шәлекенов Санжар Булатович пен «АстраЗенека» Қазақстан компаниясының бас директоры Мария Шипулева қол қойды.
Қол қойылған келісім үш негізгі бағытты қамтиды:

«Бұл меморандум Қазақстандағы онкологиялық көмектің дамуының жаңа кезеңін ашады. Біз клиникалық тәжірибеміз бен «АстраЗенеканың» ғылыми ресурстарын біріктіре отырып, қазақстандық пациенттердің диагноздан тиімді емге дейінгі жолын едәуір қысқарта аламыз», – деді Санжар Шәлекенов.
«АстраЗенека» онкологиялық ауруларға шалдыққан қазақстандық пациенттердің инновациялық дәрі-дәрмектерге қолжетімділігін жақсартуға, медициналық қауымдастықтың онкология саласындағы біліктілігін арттыруға және диагностика мүмкіндіктерін дамытуға ұмтылады. ҰҒОО-мен Меморандумға қол қою – Қазақстанда онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі Кешенді жоспар мен «Қазақстан-2050» ұлттық стратегиясын іске асыруға үлес қосуға деген ниетіміздің тағы бір дәлелі», – деп атап өтті Мария Шипулева, «АстраЗенека» Қазақстан компаниясының бас директоры.
Атап өтерлік, «АстраЗенека» Қазақстанда клиникалық тәжірибе зерттеулерің жүргізуді, сондай-ақ отандық өндірушілер базасында онкологиялық препараттардың жергілікті өндірісін іске қосуды жоспарлап отыр. Тараптар бұл стратегиялық әріптестік онкологиялық аурулармен ауыратын қазақстандық пациенттердің өмір сүру ұзақтығы мен сапасын арттыруға, Қазақстанның ғылыми әлеуетін нығайтуға және денсаулық сақтау жүйесіне қосымша инвестиция тартуға мүмкіндік береді деп күтуде.
Ұлттық ғылыми онкология орталығы туралы
ҰҒОО Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ғылыми әзірлемелерді, медициналық тәжірибені және инновациялық технологияларды біріктіретін бірегей кластер ретінде құрылды. Бүгінде ол онкология саласындағы жетекші медициналық ұйым болып табылады және халықаралық стандарттарға сәйкес пациенттерге диагностика мен емдеудің толық спектрін ұсынады.
«АстраЗенека» компаниясы туралы
«АстраЗенека» – онкология, кардиология, нефрология мен метаболизм, тыныс алу, аутоиммунды және сирек кездесетін аурулар сияқты терапиялық бағыттарда рецептуралық дәрі-дәрмектерді зерттеуге, әзірлеуге және нарыққа шығаруға бағытталған халықаралық инновациялық биофармацевтикалық компания. Ұлыбританияның Кембридж қаласында орналасқан «АстраЗенека» 100-ден астам елде қызмет етеді, ал оның инновациялық дәрі-дәрмектерін бүкіл әлем бойынша миллиондаған пациенттер қолдануда.