Салыққа тоймаған Трамп енді болат пен алюминий импортына баж салығын екі есеге арттырды
Жаңа тариф бүгіннен бастап күшіне енді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ президенті Дональд Трамп болат пен алюминийге салынатын баж салығын 25%-дан 50%-ға дейін көтеру туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақ үй хабарлады.
Жаңа тариф 4 маусымнан бастап күшіне енеді және «әділетсіз саудаға» қарсы АҚШ-тың болат және алюминий саласын қорғауға бағытталған.
Ақ үйдің мәліметінше, кейбір елдер өз өнеркәсіптерін субсидиялау арқылы АҚШ-қа арзан металл экспорттап, жергілікті өндірушілерге қысым жасап отыр. Соның салдарынан:
-
АҚШ-тың болат өнеркәсібінің қуаттылықты пайдалану деңгейі
2021 жылы 80%-дан → 2023 жылы 75,3%-ға дейін төмендеген.
Ұлыбритания — бұл өзгерістен әзірге зардап шекпейтін жалғыз ел. Оның тарифі 25% деңгейінде сақталады. Бірақ, 9 шілдеден бастап бұл келісім де қайта қаралуы мүмкін.
Айта кетейік, бұған дейін АҚШ Қытайдың кейбір тауарларына салынатын тарифтерді 31 тамызға дейін тоқтатқан болатын.
Материал авторы