Халыққа 350 келіден астам есек етін жеткізбек болғандар ұсталды

Азиз Қалижан Редактор
04.06.2025, 18:15
5520
Халыққа 350 келіден астам есек етін жеткізбек болғандар ұсталды бейнежазбадан

Қылмыскерлер есек етін азық-түлік базарларына тасымалдамақ болған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Өзбекстанда құқық қорғау органдары Ташкентке заңсыз жеткізілмек болған 361 килограмм есек етін тәркіледі. Бұл туралы Podrobno.uz басылымы хабарлады.

Тәртіп сақшылары күмәнді жүкті Карши — Ташкент тас жолында тоқтатылған Lacetti автокөлігінің жүксалғышынан тапқан. Көлік жүргізушісі еттің иесі емес екенін, тек жүктің жеткізушісі екенін айтып, өз жауапкершілігінен жалтарды.

Алайда Сырдария облыстық ветеринарлық басқармасында жүргізілген зертханалық сараптама нәтижесінде тәркіленген еттің есек еті екені дәлелденді. Қазіргі уақытта Сырдария аудандық тергеу бөлімі бұл оқиға бойынша тергеп-тексеру жұмыстарын бастап кетті. Құқық қорғаушылар еттің нақты қайдан шыққанын және бұл іске қанша адамның қатысы барын анықтауға кірісті.

«Миллар» бағдарламасында айтылған деректерге қарағанда, еттің астаналық нарыққа жеткізіліп, тұтынушыларға заңсыз түрде таратылуы мүмкін болған. Бұл жағдай Ташкент тұрғындарының азық-түлік қауіпсіздігіне қатысты алаңдаушылығын күшейтті.

Айта кетсек, бұған дейін де Өзбекстанда осындай жағдай тіркелген. Самарқанд облысына қарасты Шурак ауылында бір тұрғын өз үйінің ауласында есек сойып, етін сатып келген. Кейін Каттакурган ауданыныңмаңынан тұрғындар бірнеше есек қаңқасын тауып алып, экологтар мен құқық қорғаушылар дабыл қаққан болатын.

Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды Сахнадан көрінбей кеткен Данэлия Төлешова Қытайды дүр сілкіндірді (ВИДЕО) «Хезболла» Хаменейге қастандық жасалса, «ешкімді аямайтынын» айтты Ақтауда шетелдік дәрігерлер үш балаға күрделі ота жасады Маңғыстауда белгісіз ұшатын аппарат табылды Павлодардағы жойқын дауыл: 10-нан астам тұрғын жарақат алып, бір адам қаза болды Иранның БҰҰ-дағы өкілі: «Еуропа Израильді айыптап, қолдауын тоқтатуы тиіс» Сенсация! Қазақстандық теннисші Әлемнің бірінші ракеткасын ойсырата жеңді Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады «Судья тіке қарай алмады»: Шымкентте сотты «дуалады» деген балгер тергеліп жатыр «Бір сәтте мені қаралап, үміт үздірді»: Қаржаубай Айтбек Амангелдімен не үшін байланыс үзгенін айтты Алматыда жындыханадан қашқан ер адам іздестіріліп жатыр Трамп Иранға соққы беруді мақұлдады Талдықорған тұрғынының үйінен екі басты жылан табылды Атырау тұрғындары тұрмысы төмен жандар үшін далаға тоңазытқыш орнатты «Желідегі парақшалары тексеріледі»: Гарвард қазақ студенттерін оқытуды жалғастырады Ақтөбе облысында қоқыс шұңқырына құлаған 9 жасар қыз бен ер адам қайтыс болды