Алматыда 6 балдан жоғары жер сілкінісінің қаупін бағалайтын арнайы ақпараттық жүйе әзірленеді

25.06.2024, 17:52
584
Алматыда 6 балдан жоғары жер сілкінісінің қаупін бағалайтын арнайы ақпараттық жүйе әзірленеді pexels.com

Алматы қаласының Сейсмикалық қауіпсіздік және жұмылдыру дайындығы басқармасы мен Төтенше жағдайлар және табиғи апаттар қаупін азайту орталығы бірқатар бағыт бойынша ынтымақтастықты күшейтеді.

Тараптар Алматының даму орталығымен бірлесіп тиісті меморандумға қол қойды.

Басқарма басшысы Батырхан Сүлейменов қалада ғимараттарға сейсмикалық аудит жүргізу мен төтенше жағдай кезінде халықтың іс әрекет мәдениетін арттыру бойынша жұмыстың белсенді жүргізіліп жатқанын атап өтті. Айтуынша, сейсмоаудит аяқталғаннан кейін 6 балдан және одан жоғары жер сілкіністерінің ықтимал нәтижесін модельдеудің арнайы ақпараттық жүйесі әзірленеді.

«Меморандум Орталық Азия елдерінің қолданыстағы ұлттық жүйесін біріктіру жолымен жер сілкінісінің туындау қаупі туралы ерте хабарлаудың және өзара хабарлаудың өңірлік жүйесін күшейту жөніндегі қызметті шоғырландыруға бағытталған. Сондай-ақ, біз түрлі апаттың қауіп факторын бағалау бойынша халықаралық әдістемелерді бірлесіп енгіземіз», - деді Батырхан Сүлейменов.

Өз кезегінде төтенше жағдайлар және табиғи апаттар қаупін азайту орталығының директоры Серік Әубәкіров бұл келісім барлық мүдделі тараптың күш-жігерін шоғырландыруға және төтенше жағдайдың алдын алу саласына инвестиция тартуға ықпал ететінін жеткізді.

Айта кетейік, Орталық ҚР Сыртқы істер министрлігінде мемлекетаралық орган – халықаралық ұйым ретінде тағайындалған.

Романтика ма, дарақылық па? Тойға қайықпен кірген зейнеткерлер жұрттың мазағына айналды (ВИДЕО) Гүлзира Айдарбекова Астанадан сауда үйін ашқалы жатыр Имам қажылық үшін несие алу күнә екенін айтты Халыққа 350 келіден астам есек етін жеткізбек болғандар ұсталды «Уасилә, Христос, Тектұрмасжан»: Елімізде балаларға арналған сирек кездесетін есімдер тізімі жасалды Алматыдағы психдиспансерден екі адам қашып кетті Күйеуінің қолынан қаза тапқан марқұм әйелді мазақ еткен блогер жазаланды «АстраЗенека» және Ұлттық ғылыми онкология орталығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды Ер адам мешіттен Құран ұрлап кетіп, оны өртеп жіберген Қазақстанға тағы бір циклон жақындап келеді «Өкпесі қара қазандай»: Илон Маск Трамптың жаңа заң жобасын «жиіркенішті» деп атады Құрбан айтта ХҚКО-лар қалай жұмыс істейтіні белгілі болды Алматыда сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды Салыққа тоймаған Трамп енді болат пен алюминий импортына баж салығын екі есеге арттырды Алмасбек Садырбайға 1,2 млрд теңге жымқырды деген айып тағылды Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев 11 жыл 6 айға сотталды Астанадағы «7 бочек» кешенінде болған өрттен кейін тұрғындар уақытша қонақүйлерге орналастырылады Қазыбек Нөгербек алғаш рет классикалық шахматтан Қазақстан чемпионы атанды Газадағы көмек пунктіне шабуыл: 27 палестиналық көз жұмды, ондаған адам жараланды Ақбота Керімбекова ұлының үйлену тойын үйінің ауласында өткізді (ВИДЕО)