Гүлзира Айдарбекова Астанадан сауда үйін ашқалы жатыр

Азиз Қалижан Редактор
04.06.2025, 19:31
5201
Гүлзира Айдарбекова Астанадан сауда үйін ашқалы жатыр бейнежазбадан

Продюсер немерелерінің болашағы үшін сауда орталығын салып жатқанын жеткізді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова Астана қаласында салынып жатқан жекеменшік сауда үйінің құрылысын көрсетті. Айтуынша, бұл — отбасылық инвестициялық жоба, ал ғимараттың құрылысымен жолдасы Нұртас Айдарбеков айналысып жүр.

"Нұрекең неге Астанада жүр?" деген сұрақтарға жауабымыз дайын. Бұл – біздің сауда орталығымыз. Осы жақта жылқылар бар, соларды реттейді. Болашақта балаларға күнкөріс қамы үшін салып жатыр. Біз көрмейтін шығармыз, бірақ немерелер рахатын көреді", – деп жазды Айдарбекова Instagram парақшасында.

Ол ғимараттың құрылысы біраз уақыттан бері жүріп жатқанын айтып, жұмыстың әлі де аяқталмағанын атап өтті. Продюсер бұл нысанның болашақ ұрпақ үшін салынғанын, әрі отбасының тұрақты табыс көзіне айналуы мүмкін екенін меңзеді.

Айта кетейік, Гүлзира Айдарбекова — Қайрат Нұртас секілді танымал әншілердің продюсері әрі әлеуметтік желідегі белсенді тұлға.

Желі қолданушылары бұл жаңалыққа оң пікір білдіріп, "Келешекті ойлаған дұрыс", "Немереге дейін жоспарлағаныңыз жарасады" деп қолдау көрсетті.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады