«Әкеңнің көлігі бар ма еді»: Алматыда арыз жазуға барған жігіт полицейлерден таяқ жеп, айыппұл арқалады

19.07.2024, 13:28
804
«Әкеңнің көлігі бар ма еді»: Алматыда арыз жазуға барған жігіт полицейлерден таяқ жеп, айыппұл арқалады бейнежазбадан алынған кадр

Алматыда ұялы телефонын ұрлатып алған азамат, арыз жазуға барып тәртіп сақшыларынан таяқ жеген. Екі қабырғасы сынып, есінен танып қалған жігіт полицейлердің мұндай әрекетіне наразы. Тіпті құзырлы орган өкілдерімен болған жағдай үшін сот кінәлі деп танып 40 сағатқа қоғамдық жұмысқа тарту туралы шешім шығарды деп отыр. Бұл туралы Информ бюро бағдарламасы мәлімдеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Нұрғабыл Шажабаев 10 мамырда кафелердің бірінен шыққанда, одан түн ортасында бейтаныс азаматтың қоңырау шалу үшін телефонын сұраған. Ойында ешнәрсе жоқ жігіт телефонын қоңырау соғуға береді. Алайда сол сәтте белгісіз біреу оның телефонын алып тұра қашқан. Бірден тәртіп сақшыларына барып қарақшының жолын кесуді сұрамақ болғанда кезекші полицейлермен сөзге келмей қалған.

"Бөлімше қақпасынан кіріп кеттім, ешкім маған жол көрсеткен жоқ. Кіріп кеттім. Ішке кірсем бәрі ұйықтап жатыр екен. Полицейлер даусымнан оянып кетті. Арыз жазып тұрғанша бір машинамен шығып қуып жетейік. Сол адамды ұстап аламыз" деп айтып қалып едім, полицей "әкең машинесі бар ма еді" деп дүрсе қоя берді. Менің бар кінәм "сенің әкеңнің көлігімін қумаймыз ғой" деп айттым", – деді жәбірленуші Нұрғабыл Шажабаев.

Жігіт сол жерде құлағаннан кейін дереу жедел жәрдем шақырыпты. Бірақ жарақаттың ауыр еместігін айтып олар кері кетті дейді ер адам. Ал жігіт келесі күні Талғар аудандық ауруханасына барып, қос қабырғасының сынғанын білген.

"2 қабырғам сынды және арқы жақ бүйірлерімнен барлығын соққылап тастаған. 11 шілдеде мені ұрып-соқты деп арыз жаздым. Олар 13 шілдеде "менің ар-намысыма тиді" деп арыз жаған", – деді жәбірленуші.

Бұдан кейін қос тарап арасында сот процессі өткен.  

Нұрғабыл Шажабаевтың айтуынша, тәртіп сақшылары ұрып-соққан бейнебақылау камерасындағы жазбаны бермей отыр деп наразы. Ал 28 маусымда осы оқиғаға қатысты Жоғарғы сот үкімі шығыпты. 

"Қылмыстық кодекстің 378-бабының 1-бөлігінде "Билік өкiлiн қорлау" бойынша қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін кінәлі деп танылсын және 40 сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза тағайындалсын. Сонымен бірге 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, 18 460 теңге жәбірленушілерге өтемақы қорына мәжбүрлі төлем өндірілсін", – делінген сот мәлімдесінде.

Мұндай шешіммен келіспеген Нұрғабыл Шажабаев апелляциялық шағым түсірген. Ал қалалық полиция департаменті әзірге бұл жағдай туралы жауап бермеді. 

Даудың басына түрткі болған қалта телефонын тәртіп сақшылары екі күннен кейін тауып, иесіне қайтарған екен.

Қоғамдық көліктегі қызға тиіскен ер адам желі қолданушыларын ашуландырды (ВИДЕО) Абай облысының әкімдігі 170 миллион теңгеге «қонақтар үшін» жаңа автокөлік сатып алмақ Илон Масктың шок! Қазақстан түрмесіндегі жігіт Starlink интернетін орнатып, есірткі сатқан Ташкентте екі жігіт iPhone сататын дүкенді тонап, құрылғыларды 100 доллардан сата бастаған Баян Алагөзова ресейлік әріптестерінен төмен гонорар алудан бас тартқанын айтты Белгілі блогер өгей қызын айлар бойы зорлаған Украина шетелдегі азаматтары үшін қос азаматтықты заңдастырды Павлодарда бұрынғы әйелін көлікпен қағып, мүгедек еткен еркек сотталды Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды Сахнадан көрінбей кеткен Данэлия Төлешова Қытайды дүр сілкіндірді (ВИДЕО) «Хезболла» Хаменейге қастандық жасалса, «ешкімді аямайтынын» айтты Ақтауда шетелдік дәрігерлер үш балаға күрделі ота жасады Маңғыстауда белгісіз ұшатын аппарат табылды Павлодардағы жойқын дауыл: 10-нан астам тұрғын жарақат алып, бір адам қаза болды Иранның БҰҰ-дағы өкілі: «Еуропа Израильді айыптап, қолдауын тоқтатуы тиіс» Сенсация! Қазақстандық теннисші Әлемнің бірінші ракеткасын ойсырата жеңді Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады