Қорғаныс қамы: НАТО белді бекем буа ма?

23.07.2024, 12:08
509
Қорғаныс қамы: НАТО белді бекем буа ма? Reuters

Украина қалалары зымыранмен атқыланып, адамдар құрбан болды. Бірнеше қалаға үстін-үстін атылған қырық шақты зымыран тұрғын үйлерге, ауруханаларға жетіп жарылды. 43 адам опат болды, екі жүзге тарта адам жарақат алып, жүзден астамы ауруханаға жатқызылды. Қаза болған жас балалар бар. Украинадағы мұндай қырғынға Еуропа халықтарының көзі де, құлағы да үйренген сияқты.

Сарапшылардың айтуына қарағанда, ешбір қалада осы қасіретке қарсылық білдіріп көшеге шыққан адамдар байқалмаған. Ал Израиль әскері ХАМАС құрылымдарын атқылағанда бұған қарсылық білдіріп көшеге шыққандар көп болғаны жайлы айтылып жатыр.

Украинаны атқылағанның ертеңіне Вашингтонда НАТО-ның саммиті басталды. Ондағы әңгіменің ауанына қарағанда, Батыс пен АҚШ Ресейге қарсылықты және Украинаға көмекті жалғастыра береді. НАТО-ға мүше елдердің қару-жарағын Украинаға жөнелту және Украина Қарулы Күштерінің әскерилерін оқыту Солтүстік-Атлант альянсының Германияның Висбаден қаласындағы штаб-пәтерінен үйлестірілетін болды. 

Саммитте Украинаға жылдың соңына дейін 40 миллиард евроның әскери көмегін көрсету жайлы шешім қабылданды. Бұл жайлы НАТО-ға мүше елдердің президенттері мен үкімет басшыларының 10-шілдеде жарияланған мәлімдемесінде айтылды. 40 миллиард евроның ішіне 2024 жылдың 1-ші қаңтарынан бері көрсетілген көмектің сомасы да кіреді. Германияның өзі 8 миллиард евроның көмегін беруді міндетіне алған болатын. НАТО бас хатшысы Йенс Столтенбергтің айтуынша, алдағы қарашада АҚШ-та өтетін президент сайлауында Дональд Трамп жеңіске жеткен жағдайда да Украинаға көмекті жалғастыруға кепілдік болатын жоспар саммитте келісілді. Висбаден қаласындағы штаб-пәтерде көмекті және Украина әскерилерін оқытуды үйлестіру жұмысына 700 қызметкер жұмылдырылатын болыпты. Германиядан қырық маман жұмыс атқарады. Венгрия штаб-пәтерге қызметке маман беруден бас тартты.

НГАТО-ға мүше елдердің мәлімдемесінде: «Мақсат – Украинаның қауіпсіздігіне қолдау көрсетуді тұрақты негізге көшіру, сөйтіп, болжам жасаумен және ұйымшылдықпен сапалы көмек көрсету»,  делінген. Штаб-пәтердің тағы бір міндеті Украинаның Солтүстік-Атлант альянсына жақындауына да көмектесу, ал НАТО-ны жанжалға араласып кетуден сақтандыру. Бұған дейін Украинаға көмек жұмысын АҚШ үйлестіріп келген. Мұнымен АҚШ-тың 300 адамы айналысқан еді.

Батыс пен АҚШ Украинаға F-16 жойғыштарын береміз деп келе жатқандарына бір жыл өтті. Мұндай жойғыш әскери ұшақтары Украинаға өте қажет. Себебі әуе қорғанысын жақсарту үшін осындай жойғыштар керек. Бірақ F-16 жойғыштары Украинаға әлі жеткен жоқ. Бұған әр түрлі себеп айтылып келеді. Украинада ұшқыш маман жоқ дейді. Саммитте осы жаздың ішінде Украинаға F-16 жойғыштары жеткізілетіні айтылды. Алдымен ондай жойғыштарды АҚШ, Дания, Бельгия, Норвегия және Нидерланд беретін болды. Мысалы, Нидерланд 42, Дания 19, Норвегия 6 F-16 жойғышын беретіні айтылды. Зеленский Украинаға мұндай жойғыштың 128-і керек екенін айтқан. F-16 жойғышын басқаратын украин ұшқыштары оқытылып жатыр.

F-16 жойғышын өндіруші ел – Америка. Бұл жойғышты жасауға General Dynamics деген компания 1974 жылы кіріскен екен. Әуені қорғайтын әрі шабуыл жасайтын әмбебап жойғыш деп жатыр. Ұзындығы 15, биіктігі 5 метр, қанаты 10 метр. 12 мың 200 шақырым биіктікте сағатына 2 мың 120 шақырым жылдамдықпен ұшады. Оны бір ғана ұшқыш басқарады.  

Әуеге 511 снарядпен, 16 түрлі ондаған ракетамен, 10 түрлі ондаған бомбамен ұшып шығады екен. F-16 жойғыштарының құны атқаратын міндетінің күрделілігіне қарай 35 миллион доллар мен 55 миллион доллардың арасында.

Бұған қоса АҚШ Украинаға әуе қорғанысы үшін Patriot қондырғыларының тағы бір жүйесін беруге дайын екенін айтты. Мұндай жүйе сонымен бесеу болады екен. Украина ондай» қару жүйесінің жетеуін сұраған. Зеленскийдің айтуына қарағанда, Ресейде жойғыш ұшақтың саны 300. «Біз қорғануымыз керек. Бізге 128 жойғыш қажет. Олай болмаса біз әуеде олармен теңесе алмаймыз. Бұл қиын болады», - деді Украина президенті.

НАТО-ға мүше елдер өздерінің қорғаныс бюджеттерін арттыруы мүмкін. Ондағы елдер жыл сайын ішкі жалпы өнімнің шамамен екі пайызын қорғаныс бюджетіне арнайды екен. НАТО-ға 32 ел мүше.

Саммитте Украинаны НАТО-ға мүшелікке шақыру туралы әңгіме болмады Себебі Украинаның НАТО-ға мүше болуына Ресей тосқауыл қойып отыр. АҚШ пен Еуропа елдері  Ресейді шамдандырып алмауды ойлайды. Әрі Украинаның өзі дәл қазір НАТО құрамына кіру талаптарына сәйкес келмейтіні де рас. НАТО-ға мүшелікке кіретін ел тыныш болуы керек, шарт бойынша жерінде соғыс жүріп жатқан ел бұл ұйымға қабылданбайды. НАТО-ға мүше боламын деген ел бейбітшілік, жүйелі экономика, халықтың еркіндігі деген сияқты талаптарға сай болуы тиіс. Бірақ Украина келешекте НАТО құрамына қабылданатыны айтылды.

НАТО-ға мүше елдер мен АҚШ үшін тағы бір бас ауру – Қытай. Саммитке қатысушылар Қытайға қаталдау болуға келісті. Одақтастардың бірлескен мәлімдемесінде Украинаға қарсы соғыста Ресейді қолдаушы негізгі мемлекет Қытай делінді. 2026 жылы Германия жеріне альянстың Tomahawk қанатты зымырандары мен ұзаққа шабатын басқа да ракеталары орналастырылатын болыпты. Зениттік ракеталар мен соңғы үлгідегі жойғыш қарулар  Германияға топтастырылса керек. Құжатта осы нәрсе де келтірілген. Ұшу ұзақтығы Ресейдің территориясына жететін зымырандар Германияға қырғи-қабақ соғыс кезінде орналастырылып, кейін алынған екен. Сол жағдай қайтадан қалпына келтірілетін болды.

Қазақстан мен НАТО-мен тығыз қарым-қатынас орнаған. Біздің еліміз бұл ұйымның ынтымақтастық кеңесіне енген. Екі арада саяси диалог орнаған. Қазақстан Жоспарлау және талдау процесіне қатысады. НАТО одақтастарымен бірлесіп жұмыс істеу үшін қазақстандық бітімгершілік полкі құрылды. Қазақстан мен НАТО арасында бейбітшілік жолындағы әріптестік аясында «Дала бүркіті» бірлескен әскери оқу-жаттығуы өткізіліп келеді.

НАТО-ның құрылғанына биыл 75 жыл деп жатыр. Кешегі Вашингтон саммиті кезек бойынша 75-ші жиын екен.

Желіде Перизат Қайраттың жалған сұхбаты тарады Ұлттық ұлан факультетінде ғылыми-теориялық конференция өтті «Әр баланың өз бөлмесі бар»: Блогер Дархан Жолшыбеков көпбалалы әйелге үй сыйлады «Қатты ауырып жатыр»: Жанқош Тұраровтың әлі күнге дейін тергеуге бармағаны белгілі болды «5 млн дейін береді»: Ләйлә Сұлтанқызы Шымкент өңіріндегі қалың малдың қанша екенін жариялады Перизат Қайраттың «Біз біргеміз» қоры жариялаған фотолар басқа сайттан алынған болып шықты Автобус тізгіндеу қауіпті бола бастады ма? «Біреу мені құлатқысы келеді»: Дина Төлепберген үндеуімен ойландырып қойды (ВИДЕО) «Бұл затта менің энергиям бар»: әншіліктен алшақтаған Ерке Есмахан жаңа кәсіппен айналысатын болды (ФОТО) «Горилла» ішіп «маймыл» болғанша: ҚМДБ пәтуасы қандай? Әкесі қызын күйеуге тиюден бас тартқаны үшін өлтіріп тастады Қаңғыбас адамнан қаңғыбас иттің «жағдайы жақсы» «Тоқал» алдым деп мақтанған жекпе-жек шебері Тайрон Вудлиді рингке шақырды Кластастар қайда: сыныптасын секс құлдықта ұстағандардың ісі не болып жатыр? Футболға 5 млрд теңге бөліп, чемпион болмай-ақ қойдым: Нәлібаев халықтың ойын дөп айтты «Біз – араб емеспіз»: Нұрлан имам қалыңмалға қосып мәһрді де алуға болмайтынын айтты Базардан ет алу – қорқынышты: Атырауда сібір жарасы анықталды Жолбарыстың видеосын жариялаған теміртаулық әйелдің басы «бәлеге» қалды (ВИДЕО) «3 бастық жабылып ұрып-соғып, жала жапқан»: түрме қызметкеріне бастықтары қорлық көрсетіп келген (ВИДЕО) Біз сенген басшылар инфляцияны қалай тежемек?