Сүліктей сырғыған темір тұлпарларды келешекте жою құнының жыры

23.07.2024, 12:23
956
Сүліктей сырғыған темір тұлпарларды келешекте жою құнының жыры Midjourney

Утилалым мәселесінің жыры басталғалы қашан. Бірақ әлі күнге дейін бір тоқтам жасалған жоқ. Белсенділер утилалымның құнын төмендетеміз деп шапқыласа, мемлекет бұған мойын бұрар емес.

Шетелден әкелген көлікті тіркеу кезінде оның болашақта қолданыстан шыққаннан кейінгі утилизациясы үшін көлік иесі төлейтін ақшаны утилалым дейді. Утилалымды жүзеге асырумен бұрын «РОП операторы» деген жауапкершілігі шектеулі серіктестік айналысып келген. Бұл компанияның Әлия Назарбаеваға қатысы болды. Автокөліктердің утилалымын осы компания 2015-2022 жылдар аралығында жинады. 2020 жылдың басындағы дерек бойынша, үш жылда компанияға 220 миллиард теңге түскен. Қаңтар оқиғасынан соң ел президенті «РОП операторы» компаниясының жұмысын тоқтатып,. утилалымды жинауды «Жасыл даму» компаниясына өткізді. «РОП операторы» компаниясының бірнеше қызметкері және Экология министрінің бір орынбасары сотталып кетті. Оларға бюджет қаржысын жымқырды дегенайып тағылған.

Содан бастап еліміздің өңірлерінде утилалымға қарсы бой көрсетушілер көбейді. Оның құнын арзандатуды талап еткендер 2024 жылдың басында президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасады. Ақпан айында Орал қаласында шамамен 70 адам халыққа қызмет көрсету орталығы маңына жиналып, утилалымды 200 мың теңгеге дейін азайтуды талап етті. Оған дейін Ақтөбеде үш жүздей адам шетелден әкелінген көліктердің алғашқы тіркеуіне төленетін ақша мөлшерін және утилалым сомасын азайтуды талап етіп, биліктің келісімі бойынша митинг өткізді. Оған дейін, яғни 2022 жылы билік утилалым сомасын азайтқанымен наразылар ол шешімді сынаған. Наразылар утилалым мөлшері әлі жоғары деп, оны жинау механизмінде ашықтық жоқекенін айтады. Қазақстанда шетелден көлік алған адам 277 мың теңгеден 3 миллион теңгеге дейін утилалым төлейді. Бұл төлем көліктердің қозғалтқыш күшіне байланысты есептеледі. Таяуда белсенділер көліктерге утилалымды 100 мың теңгеге дейін түсіру, басқа көліктерге нөл ставка жасау, ауыл шаруашылығы техникаларына утилалымды мүлде алып тастау сияқты талаптары бар петиция жариялаған еді. Азаматтардың 50 мың қолтаңбасын жинау межесіне жеткеннен кейін үкімет петицияны қарауды қолға алған болатын.

15-шілдеде Алматыдағы Hyundai Trans Kazakhstan зауытында утилалымға қарсы петицияның қоғамдық тыңдауы өтті. Бірақ үкімет оңайлықпен жан бермейтінін аңғартты. Яғни петицияға қарамай, утилалымда өзгеріс жасалмауы мүмкін екені белгілі болып қалды. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің өкілі Әділбек Бектібаев шетелден әкелген көліктерді келешекте жоюға осы бастан төленетін утилалым сақталатынын айтты.«Петициядағы уәждерді ескерсек, олар шындыққа жанаспайды. Бұған қоса, жобаны қоғамдық талқылау кезінде басқа негіздемелер мен фактілер ұсынылған жоқ. Сондықтан петицияны қанағаттандырудан бас тарту ұсынылады» - деді министрліктің өкілі комиссия шешімін оқып. Әділбек Бектібаев соңғы шешімді министр қабылдайтынын айтты.

Министрліктің өкілі бірнеше уәж келтірді. Мысалы, утилалымды арзандатса Еуразия экономикалық одағына мүше елдерден бізге ескі көліктер көп кіріп кететін көрінеді. Сөйтіп қоршаған ортаны ластауы мүмкін.

Тыңдауға утилалымға қарсы негізгі белсенділер қатыспады. Себебі олар тыңдаудың зауытта, жабық жерде, шектеулі адамдардың қатысуымен өтуіне қарсы болған еді. Олар қоғамдық тыңдауға жұрт та, петиция авторлары мен сарапшылар да қатысуы керек деген талап қойған. Ал  зауыттағы талқылаудың толыққанды өтуі мүмкін емес деп мәлімдеген. «Петиция авторы мен жұмыс тобы мүшелері берген бірде-бір ұсыныстың орындалмағанына байланысты жұмыс комиссиясының төрағасына сенімсіздік білдіреміз. Астанада бейтарап жерде автор, сарапшылар, жұмыс тобы қатысушылары мен тұрғындар қатысатын қоғамдық тыңдау өткізгенге дейін қатыспаймыз» деген еді белсенділер.

Петицияны талқылаған жұмыс тобының құрамында парламент депутаттары, бірнеше министрліктің  вице-министрлері бар. Тағы бірнеше ведомство мен қоғамдық ұйымдардың, сонымен қатар автокөлік өндірісі саласының өкілдері де жұмыс тобының құрамына кірген. Тыңдауда утилалымға қарсылардан шенеуніктер көп болған.

Алматыдағы талқылауға қатысудан бас тартқан петиция авторлары баспасөз мәслихатын өткізді. Олар үкімет құрған комиссияның петицияны қабылдамаған шешімімен келіспейтінін мәлімдеді. Утилалымға қарсы петиция авторларының бірі Санжар Боқаев қоғамдық талқылаудың жабық өткеніне наразылық білдірді. Оның айтуынша, талқылау алаң, театр сияқты кең жерде өтіп, халық шақырылуы керек еді. Ал 15-шілдеде, яғни Алматыдағы зауытта талқылау өтіп жатқанда Астанада 20 шақты адам Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің алдына жиналды. Олар утилалым петициясы бойынша қоғамдық тыңдауға наразылық білдірді.

Қысқасы, утилалымның салмағы жеңілдемей, осы күйі қала беретін сияқты.  

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады