1486

Президент Олимпиада чемпионы Елдос Сметовті құттықтады (ФОТО)

Қазақ еліне алғашқы алтынды сыйлаған Елдосты мемлекет басшысы құттықтады.

Президент Олимпиада чемпионы Елдос Сметовті құттықтады (ФОТО)
olympic.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Олимпиада чемпионы Елдос Сметовті құттықтады.

– Дзюдошымыз Елдос Сметовті Париждегі Олимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алуымен құттықтаймын! Оның шеберлігі мен қайсарлығының арқасында Қазақстанның туы биікте желбіреді.

Елдос мықты қарсыластармен күресте төртжылдықтың басты додаларында топ жарып, әлемнің үздігі атанды. Сіздің жеңісіңіз – біздің бүкіл халқымыздың жеңісі! – деп жазды Мемлекет басшысы Х парақшасында.

Материал авторы