4438

Бокстан Мұхамедсабыр Базарбайұлы алғашқы жеңісіне жетті

Париж-2024: Мұхамедсабыр екінші айналымға өтті.

Бокстан Мұхамедсабыр Базарбайұлы алғашқы жеңісіне жетті
olympic.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, боксшы Мұхамедсабыр Базарбайұлы Олимпиада ойындарын жеңіспен бастады.

63,5 келі салмақта шаршы алаңға шыққан қазақстандық боксшы испаниялық Ойер Ибаррче Кондені 5:0 есебімен жеңіп, Париж Олимпиадасының екінші айналымына шықты.

Қарсыласына 2 раундта да таяқ жегізген Мұхамедсабыр келесі кезеңде тайпейлік Лай Чжуэньмен жұдырықтасады. Бұл жекпе-жек 30 шілде 00:04-те өтеді.

 

Материал авторы