2527

Париж Олимпиадасы: бүгін кімдер жарысқа шығады?

Бүгін Париждегі жазғы Олимпиада ойындарының екінші күні.

Париж Олимпиадасы: бүгін кімдер жарысқа шығады?
Shutterstock: iunewind

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, бүгін бадминтон, академиялық ескек есу, нысана көздеу, семсерлесу, дзюдо, бокс және теннистен спортшыларымыз сынға түседі.

Аталған спорт түрлерінен сынға түсетін спортшыларымыз арасында бірден медальға таласатындары да, алғашқы іріктеу сындарына қатысатыны да бар.

28 ШІЛДЕ КҮНГІ ЖАРЫС КЕСТЕСІ:

БАДМИНТОН: QAZSPORT

Дмитрий Панарин – Нишимото Кэнта (Жапония), сағат 11:30-да өтеді.

АКАДЕМИЯЛЫҚ ЕСКЕК ЕСУ: ELARNA

Академиялық ескек есуден Владислав Яковлев. Ол 1/4 финалға шығу үшін жұбыныш сынында бақ сынайды. Сағат 11:55-те өтеді.

НЫСАНА КӨЗДЕУ: QAZSPORT

Пневматикалық винтовкамен 10 метрден әйелдер арасында – Арина Алтухова мен Александра Ле. Сағат 12:15-те өтеді.

СЕМСЕРЛЕСУ: JIBEKJOLY

Вадим Шарлаимов – Хәрри Санер (Оңтүстік-Африка Республикасы). 1/32 финал сағат 13:00-де өтеді. Ал финал -те жалғасады. 

ДЗЮДО: QAZAQSTANTV

Ғұсман Қырғызбаев Давид Гарсия Торне (Испания), 1/16 финал сағат 13:00-де өтеді. Ал финал 19-де жалғасады.

НЫСАНА КӨЗДЕУ: QAZSPORT

Пневматикалық винтовкамен 10 метрден ерлер арасында – Ислам Сәтпаев пен Константин Малиновский. Сағат 14:15-те өтеді.

БОКС: KHABARTV

92 кг, Айбек Оралбай – Олайтан Адам Олаор (Нигерия), 1/8 финал сағат 14:48-де өтеді.

ТЕННИС: JIBEKJOLY

Александр Шевченко – Якуб Меншик (Чехия), сағат 15:00-де өтеді.

СЕМСЕРЛЕСУ: JIBEKJOLY

Руслан ҚұрбановХусам әл Корд (Марокко). 1/16 финал сағат 15:50-де өтеді.

Эльмир ӘлімжановЛуиджи Мидельтон (Франция). 1/16 финал сағат 16:40-та өтеді.

Ал финал -те жалғасады. 

БОКС: KHABARTV & ELARNA

71 кг, Асланбек Шымбергенов – Зейяд Ишаиш (Иордания), 1/16 финал сағат 18:46-да өтеді.

50 кг, Назым Қызайбай – Джордана Соррентино (Италия), 1/16 финал сағат 19:50-да өтеді.

Материал авторы