1573

Париж-2024: бүгін кімдер жарысқа шығады?

Бүгін Париждегі жазғы Олимпиада ойындарының үшінші күні.

Париж-2024: бүгін кімдер жарысқа шығады?
olympic.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, бүгін, 29 шілдеде Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан 2024 жылғы Олимпиада ойындарында қазақстандық спортшылар сайысқа түседі. Олардың жарыс кестесінің уақыты Олимпиада ойындарының сайтында көрсетілген.

12:00. Әйелдер. Жеке қылыш. 1/32 финал. — Qazsport пен Khabar телеарнасы
Айгерім Сарыбай - Чайма Бенадуда (Алжир)

12:15. Оқ ату. Микст. Пневматикалық тапанша. 10 метр. Іріктеу. — JibekJoly телеарнасы
Никита Чирюкин, Ирина Юнусметова

12:30. Академиялық есу. Ерлер. Жартылай финал E/F 1. — Elarna телеарнасы
Владислав Яковлев

12:30. Оқу ату. Әйелдер. Пневматикалық винтовка. 10 метр. Финал — Khabar телеарнасы
Александра Ле

13:00. Дзюдо. Ерлер. 1/16 финал. — Elarna мен Khabar телеарнасы
73 келі. Данияр Шамшаев - Муроджон Юлдошев (Өзбекстан)

13:16 Садақ ату. Ерлер. 1/8 финал. — Qazsport телеарнасы
Ильфат Абдуллин, Дәулеткелді Жаңбырбай, Александр Еременко. Қазақстан - Италия

14:13 Жүзу. Әйелдер. Шалқалау жүзу. 100 метр. Іріктеу. — Qazsport телеарнасы
Ксения Игнатова

15:00 Теннис Ерлер. — Qazsport телеарнасы
Александр Бублик, Александр Недовесов өнер көрсетеді.

18:40 Бадминтон. Ерлер. — Qazsport телеарнасы
Дмитрий Панарин - Брайан Янг (Канада) (18:40-тан ертерек емес)

23:00. Үстел теннисі. Ерлер. — Qazsport телеарнасы
Кирилл Герасименко

00:04. Бокс. Ерлер. 1/8 финал. — Qazaqstan телеарнасы
63,5 келі Мұхаммедсабыр Базарбайұлы - Лай Чу Ен (Тайбэй)

Жарыстардың басталу уақыты өзгеруі мүмкін. Спортшылар жарыстың басында да, күні бойы басқа уақытта ойын көрсетуі ықтимал.

Айта кетсек, қазақстандық спортшылар Олимпиада ойындарында спорттың 25 түрінен сынға түседі. Еліміздің атынан 80 спортшы 92 жолдама жеңіп алған болатын.

Айта кетсек, қазірге дейін ел құрамасы қоржынына үш медаль түсті. Дзюдодан Елдос Сметов (60 келі) чемпион атанды. Ал дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев (66 келі) және Аександра Ле мен Ислам Сәтбаев ел қоржынына қола жүлде салды.

Материал авторы