Бүгін еліміз медальсыз қалды: бүгінгі жүлде үшін таласатындар жарыстан шығып қалды

29.07.2024, 15:15
2313
Бүгін еліміз медальсыз қалды: бүгінгі жүлде үшін таласатындар жарыстан шығып қалды olympic.kz

Дзюдошы Данияр Шамшаев пен мерген Александра Ле жүлде үшін таласа алмайтын болды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында қазақстандық татами шебері Данияр Шамшаев алғашқы белдесуінде ұтылып қалды.

73 келі салмақта ел намысын қорғаған Данияр Шамшаев бірінші белдесуінде өзбекстандық Муроджон Юлдошевқа есе жіберіп жарысты аяқтады.

Естеріңізге сала кетсек, кеше дзюдодан 66 келі салмақта Ғұсман Қырғызбаев қола медаль жеңіп алса, алғашқы жарыс күні Елдос Сметов чемпион атанған болатын.

Ал финалдық бәсекеде жүлделі орын үшін таласқан мерген Александра Ле алтыншы орында қалды.

Осылайша олимпиаданың үшінші жарыс күні — еліміз медальсыз қалған күн болды. 

Бірақ бүгін іріктеу кезеңі үшін қатысып жатқандар да бар. Оның ішінде жүзуден Қазақстан командасының мүшесі Ксения Игнатова іріктеуден өте алмады. Сондай-ақ семсерлесуден Әйгерім Сарыбай 1/16-ден аса алмай қалса, садақшылар құрамасы келесі айналымға жете алмады. 

Ал кешкі сессияда бокстан Қамшыбек Қоңқабаев (92 кг) пен Мұхамедсабыр Базарбайұлының (63 кг)  1/8 айналымдағы жекпе-жегін өткізеді.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды