1979

Париж Олимпиадасы: бүгін кімдер жарысқа шығады?

Бүгін Париждегі жазғы Олимпиада ойындарының төртінші күні.

Париж Олимпиадасы: бүгін кімдер жарысқа шығады?
бейнежазбадан алынған кадр

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 30 шілдеде Париж Олимпиадаcында қазақстандық спорттың бес түрінен — стендтік ату, дзюдо, бокс, суға жүзу және садақ атудан ел құрамасынан жеті спортшы жарыс жолына шығады.

Стендтік ату — Qazsport
12.00. Әйелдер. Іріктеу. Мария Дмитриенко

Дзюдо — Qazaqstan
13.00. Ерлер. Іріктеу. 81 келі. Абылайхан Жұбаназар - Атилла Унгвари (Венгрия)
13.00. Әйелдер. Іріктеу. 63 келі. Эсмигуль Куюлова - Лубьяна Пиовесана (Австрия)

Бокс — Khabar
19.18. Ерлер. 80 келі. Нұрбек Оралбай - Каллум Питерс (Австралия)
23.00. Ерлер. 51 келі. Сәкен Бибосынов - Самет Гюмюш (Түркия)

Суға жүзу — Elarna
11.15. Ерлер. Еркін стиль. 100 метр. Іріктеу. Әділбек Мусин. (23.30. Жартылай финал)

Садақ ату — Qazsport
22.03. Ерлер. Жекелей сын. 1/32 финал. Ильфат Абдуллин - Эрик Петерс (Канада)

Жарыстардың басталу уақыты өзгеруі мүмкін. Спортшылар жарыстың басында да, күні бойы басқа уақытта ойын көрсетуі ықтимал.

Айта кетсек, қазақстандық спортшылар Олимпиада ойындарында спорттың 25 түрінен сынға түседі.

Материал авторы