«Олимпиада басталмас бұрын қиындыққа тап болдым»: Елдос Сметов Париждегі жеңісі туралы сұхбат берді

03.08.2024, 13:20
1349
«Олимпиада басталмас бұрын қиындыққа тап болдым»: Елдос Сметов Париждегі жеңісі туралы сұхбат берді olympic.kz

Дзюдодан Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов жеңіске жеткен сәттегі сезімі мен чемпиондық жолы туралы сұхбат берді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, спортшының сұхбаты ұлттық олимпиада комитетінің сайтында жарияланды. Сұхбатта Елдос Сметов осыған дейін қатысқан олимпиада ойындарын еске алады. 

“Алғаш рет 2016 жылы Риода өткен Олимпиада ойындарына қатыстым. Ол кезде жауапкершілік өте жоғары еді. Бірақ мен финалға өттім. Сосын тұғырдың екінші басқышында тұрдым. Осы кезде қарсыласымның құрметіне әнұраны шырқалып, біздің туымыз сәл төменірек желбіреді. Сол кезде марапаттау рәсімінде туымыз өзгелерден биік болып, Қазақстанның әнұранын бүкіл әлем тыңдаса екен деген мақсат қойдым.

Токио ойындары мен үшін өте қиын болды. Еркін қозғала алмадық. Оған қоса, жарыс аяқталғаннан кейін келесі күні ол жерден бірден ұшып кеттік. Залда қолдау да, жанкүйерлер де болмады. Барлығы жабық. Пандемия кезінде болғандықтан, Олимпиада екі есе қиын болды. Мен қола жүлдені ғана ала алдым”, – дейді спортшы. 

Сметов Олимпиада чемпионы болуды бала кезінен армандағанын айтады.

“Ақырында, Парижде бала күнгі арманымды орындадым – Олимпиада алтынын жеңіп алдым. Бұл тарихи жеңіс деп айта аламын. Мен армандағандай Қазақстанның әнұранын бүкіл әлем тыңдады. Туымыз екінші немесе үшінші орында емес, өзгелерден биік желбіреді. Спортшы үшін басқа бақыт бар ма? Олимпиада финалында жеңіске жеткеннен кейін мен не болғанын түсінбедім. Менің миым ештеңені қабылдаған жоқ. Мұндай сәтті сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Оны тек сезіну қажет”, – дейді Елдос Сметов.

Спортшы Олимпиада басталмас бұрын қиындықтарға тап болғанын айтады. Оның салмағы бір келіге артық болған. Сметов салмақ тастау өзін шаршатқанын және Олимпиада алдындағы күйзелістің салдарынан арықтау қиынға соққанын айтты.

“Бір қызығы, осы Олимпиадада мен бұрын соңды кездеспеген мәселеге тап болдым. Менде артық салмақ болды. Аз емес, бір келіден артық. Шынымды айтсам, салмақ қуу мені шаршатты. Артық салмақтан арылуға тырысып жүріп, ең үлкен жарысымның алдында қатты қиналғаныма қынжылдым. Өйткені менде бұрын ешқашан артық салмақ болған емес. Осы кезде қасымда болған массажисттерге рахмет. Мен салмақ өлшеу рәсімінен өткенше ешкім тоқтаған жоқ”, – дейді спортшы. 

Елдос Сметов жекпе-жек кезінде өзіне қолдау көрсеткен әрбір қазақстандыққа алғысын білдірді. Ол залдағы көрерменнің қошеметіне шабыттанатынын айтады. 

"Мен елге әлі оралған жоқпын, бірақ осы жақта да қолдауды сезіненіп жатырмын. Мен әлі отбасыммен дұрыстап сөйлесе алмадым: телефонға қарау мүмкін емес. Хаттар мен хабарламалар өте көп. Мен бәріне жауап беруге тырысамын. Сіздерге үлкен рақмет!

Осындай қолдаумен маған қарсы шыққан кез келген адамды жеңетін едім. Маған әсіресе қарсыластарымды өз елдерінде жеңген ұнайды. Жанкүйерлер қарсыласымды қолдаған сайын мен жеңіске жеткім келеді. Осыдан ләззат аламын", – деді спортшы. 

Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды