Тараз әкімдігі Елдос Сметовтің Олимпиададағы жеңісінен кейін үйінің алдына асфальт төсеп берген (ВИДЕО)
5 тамыз күні Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов Қазақстанға оралып, Таразға ат басын тіреді. Елге оралуына байланысты жергілікті әкімшілік атақты спортшы тұратын көшені абаттандыру шараларын қолға алған. Бұл туралы Stan.kz жазды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, желіде жергілікті журналист Исламбек Дастан түсірген видео жарияланды.
Кадрлардан Елдос тұратын көшеге жаңа асфальт төселгенін көруге болады. Видеода Олимпиада чемпионының елге оралуына байланысты, жолдың арнайы жасалғаны айтылған.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші